Григорий Константинович Орджоникидзе

From Wikipedia, the free encyclopedia

Григорий Константинович Орджоникидзе
Remove ads

Григорий (Серго) Константинович Орджоникидзе (24.10.1886, Грузия, Орджоникидзе ауданы - 18.2.1937, Мәскеу қаласы) — кеңес мемлекет және партия қайраткері.

Quick facts Лауазымы, Ізашары ...


Тбилиси қаласындағы фельдшерлер мектебін (1905) бітірген. 1905-11 жылы революцияға, 1920 жылдан Әзербайжанда, Армения мен Грузияда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысқан. Закавказье өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы (1922-26), БК(б)П Орталық бақылау комиссиясының төрағасы, КСРО ХКК мен Еңбек және Қорғаныс Кеңесі төрағасының орынбасары, Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, одан кейін КСРО Ауыр өнеркәсібінің халық комиссары (1926-30) болып, Социалдық индустрияландыру ісін жүзеге асыруда зор еңбек етті.

Қазақстанды индустрияландыруға көмек көрсетті. 1-және 2-бесжылдықтарда Түрксіб, Қарағанды, Балқаш құрылыстарын өз қамқорлығына алды; әсіресе Қазақстанның түсті металлургиясын өркендетуге ерекше көңіл бөлді. 1934 жылы 31-желтоқсанда Қаныш Сәтбаев Орджоникидзенің қабылдауында болып, ол Жезқазған мыс қорының дүние жүзінде алдыңғы орынды иеленетінін ғылыми жағынан дәлелдеп шыққан. Осы кездесудің нәтижесінде Орджоникидзе өз тұсынан 1935 жылы каңтар айында БК(б)П ОК-інің Бас хатшысы И.В.Сталинге жолдаған хатында Қазақстандағы түсті металлургияға байланысты елімізде жаңадан үлкен екі мыс комбинатын салуды жедел бастау керек екеніне тоқтала келіп, соның бірін Жезқазғанда салуын атап өткен.

Сәтбаев Орджоникидзенің қабылдауында болғаннан кейін Үлкен Жезқазған комбинатын салу туралы бұйрығы шықты. Бұл Сәтбаевтың Жезқазған кен байлығы тағдырын сәтімен шешуде зор жұмыстар жүргізгенінің жемісі болатын. О. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads