Күнгей Кавказ Социалистік Федерациялық Кеңес Республикасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Күнгей Кавказ Социалистік Федерациялық Кеңес Республикасы (Күнгей Кавказ Федерациясы, КСФКР 13.12.1922 дейін Күнгей Кавказ Социалистік Кеңестік Республикаларының Федеративтік Одағы) — 1922 жылдан 1936 жылғы 5 желтоқсанға дейін КСРО құрамындағы одақтас республика, КСРО құрған республикалардың бірі.
Remove ads
Тарихы
Біріктіру идеясын В.И.Ленин Азаматтық соғыстан кейін Күнгей Кавказ республикаларын экономикалық және әскери-саяси біріктіру, контрреволюциялық күштердің қалдықтарын жою, экономиканы қалпына келтіру, ұлтаралық сенімсіздік пен араздықты жою қажеттіліктерінің керектігіне байланысты ұсынды.
1921 жылы 16 желтоқсанда Абхазия СКР мен Грузия СКР халықаралық құқық субъектілері ретінде Абхазия Грузия Республикасымен федеративтік келісім негізінде біртұтас болатын Одақтық шартқа қол қойды. 1922 жылы 13 желтоқсанда ол арқылы Абхазия Күнгей Кавказ федерациясына кірді.
1922 жылы 12 наурызда Тифлис қаласында Әзірбайжан КСР ОАК, Армения СКР ОАК және Грузия СКР ОАК өкілдерінің конференциясы Күнгей Кавказ Социалистік Кеңестік Республикаларының Федеративтік Одағын (КСКРФО) құру туралы келісімді мақұлдады.
1922 жылы 13 желтоқсанда Кеңестердің 1-Күнгей Кавказ съезі (Баку) КСКРФО-ді құрамына кірген республикалардың тәуелсіздігін сақтай отырып, Күнгей Кавказ Социалистік Федеративті Кеңестік Республикасына айналдырды. Съезде КСФКР Конституциясы бекітіп, Күнгей Кавказ Орталық Атқару Комитеті мен И. Д. Орахелашвили басқарған КСФКР Халық комиссарлар кеңесі - үкіметі[1] құрылды.
1922 жылы 30 желтоқсанда КСФКР РКФСР, УКСР және БКСР қосылып, КСР Одағы құрды.
1931 жылы Абхазия, Одақтық шарттың аясында алған мәртебесі жойылып, автономиялы республика (Абхаз АКСР) ретінде Грузин КСР құрамына енді.
1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес КСФКР жойылды - Әзербайжан, Армян және Грузин КСР тәуелсіз одақтас республикалар ретінде тікелей КСРО құрамына кірді.
Remove ads
Әкімшілік-аумақтық бөлініс
Мемлекет федеративті мемлекеттік құрылымға ие болып, бірнеше республикаларға бөлінді:
Әзербайжан Кеңестік Социалистік Республикасы, оған Нахшыван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы мен Таулы Қарабақ автономиялы облысы кіреді.
Армения Социалистік Кеңестік Республикасы
Грузия Социалистік Кеңестік Республикасы, оған Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы, Аджар Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы мен Оңтүстік Осетин автономиялы облысы кіреді.
Remove ads
Күнкаваудком РК(б)П - БК(б)П бірінші хатшылары
- Григорий Константинович (Серго) Орджоникидзе: ақпан 1922 — қыркүйек 1926[2]
- Иван Дмитриевич (Мамия) Орахелашвили: қыркүйек 1926[3] — июнь 1929[4]
- Александр Иванович Криницкий: қараша 1929—1930[5]
- Виссарион Виссарионович Ломинадзе: қараша 1930[4] — желтоқсан 1930[6]
- Лаврентий Иосифович Картвелишвили: желтоқсан 1930 — 11 қараша 1931[7]
- Иван Дмитриевич (Мамия) Орахелашвили: 11 қараша 1931 — 17 қазан 1932[3]
- Лаврентий Павлович Берия: 17 қазан 1932 — 23 сәуір 1937[8]
Тұрғындары
1926 жылғы халық саны:
- КСФКР - 5 861 600 адам; соның ішінде
- Әзірбайжан КСР — 2 314 600 адам
- Армения СКР — 880 500 адам
- Грузия СКР — 2 666 500 адам
Санақ мәліметтеріне сүйенсек, грузиндердің барлығы дерлік Грузияда, әзербайжандардың 90%-ы Әзірбайжанда, ал КСФКР армяндарының 55%-ы ғана Арменияда өмір сүрген. Сонымен қатар, Армения СКР титулдық ұлттың пайызы ең жоғары болды.
-
КСФКР картасы (1928)
-
КСФКР Грузияның әйел-символы. 1922 жылғы марка.
Remove ads
Тағы қараңыз
- Күнгей Кавказ демократиялық федеративтік республикасы
- Күнгей Кавказ СФКР елтаңбасы
- Күнгей Кавказ рублі
- Кеңестік Республика
Сілтеме
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads