Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов[1] (1943 жылы 10 қазанда ОҚО Түркістан ауданы Шорнақта - 2016 жылы 25 қазанда ОҚО) — қазақстандық театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1998). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық театр фестивальдерінің жүлдегері.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Толығырақ

Remove ads

Шығармашылығы

Ол Қызылорда облысы драма театры сахнасында жергілікті қаламгерлердің (Иран-Ғайыптың, “Күшігінен таланған”, 1988; “Тоғызыншы вал”, “Желжуан немесе мен байымнан қорықпаймын, соңғы екеуі де 1991; “Батқан кеменің бейбақтары”, 1993; “Мен ішпеген у бар ма?”, 1997; І.Найманбаев, “Айттым бітті!” және І.Сүйенішев, “Әлі бойдақпысың?”, екеуі де 1989; Ә.Ақпанбетов, “Түнгі көбелек”, А.Хангелдин, “Керемет”, [[екеуі де 1998]]) шығармаларын қою арқылы өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, өзіне тән реж. өнер бағытын айқындады. Сондай-ақ ұлттық, дүниежүз. классика, осы заманғы қазақ жазушыларының, аударма драматург. туындылар бойынша да спектакльдер қойып, өзі де драматургия жанрында (“Арманым, әнім іңкәрім”, А.Кіребаевпен бірге, 1990; “Қиял-ғажайып театр”, 1999) қалам тартты. Режиссер балаларға арналған бірқатар спектакльдерді сахнаға шығарды. Қойған спектакльдері айшықты көркемдік-сахналық, композиция-құрылымдық тұтастығымен және реж. ізденімпаздыққа толы тапқыр шешімімен ерекшеленді. Оның қойған Б.Брехттің “Кавказдың бор шеңбері” (1996, 2001) спектаклі таңдаулы көркемдік шешімі үшін 2001 жылы Халықаралық “Сорос – Қазақстан” қоры байқауының жүлдесіне ие болды.[2]

Remove ads

Марапаттары

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads