Камала Харрис
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Камала Деви Харрис[a] (20 қазан 1964 жылы, Окленд, Калифорния) — америкалық заңгер және саясаткер және 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі АҚШ вице-президенті. Харрис — АҚШ вице-президенті болған тұңғыш әйел, тұңғыш қара нәсілді және тұңғыш азиялық адам және 2024 АҚШ президент сайлауындағы Демократиялық партияның сәтсіз үміткері болған. Ол 2017 жылдан 2021 жылға дейін АҚШ Сенатында Калифорния штатынан сайланған сенатор ретінде және ертерек сол штаттың бас прокуроры ретінде қызмет еткен.
Окленд, Калифорнияда туған Харрис Говард университеті мен Калифорния университетінде білім алған. Ол өзінің кәсібін Аламида округінің аймақтық прокуроры (АП) ретінде бастады. Бұдан кейін ол Сан-Франциско аймақтық және кейін қалалық прокуратураларында жұмыс істеді де, 2003 жылы аймақтық прокурор болып сайланды. 2010 жылы Харрис Калифорния бас прокуроры болып сайланды да, бұл штат тарихындағы осы лауазымдарға сайланған тұңғыш әйел, тұңғыш афроамерикалық тұлға және тұңғыш азиялық америкалық адам болды.
2017–2021 жылдары аралығында Харрис Калифорния штатынан сайланған кіші сенатор болды. 2016 жылы Сенатқа сайланған ол АҚШ Сенатына түскен екінші африкалық-америкалық әйел және тұңғыш оңтүстік азиялық адам болды. Сенатор ретінде Харрис қаруларды шектеу туралы заңдарды, марихуананы федералды заңдастыруды, денсаулық сақтау мен салық салуды реформалауды жақтады. Ол Сенаттағы тыңдаулар кезінде Трамп әкімшілігінің шенеуніктеріне, соның ішінде Трамптың екінші Жоғарғы сот кандидаты Бретт Каваноға сұрақ қойғаны үшін танымалдыққа ие болды.
Харрис Демократиялық партиядан 2019 жылы президенттікке үміткер болуға ұмтылды, бірақ праймериз алдында жарыстан бас тартты. Джо Байден оны өзінің серіктесі ретінде таңдады да, екеуі 2020 жылы қызметтегі президент пен вице-президент Дональд Трамп пен Майк Пенске қарсы 2020 жылы жеңіске жетті. Қызметке кіріскеннен кейін тең бөлінген Сенатқа төрағалық еткен Харрис Сенаттың президенті ретінде маңызды рөл атқарды, Сенаттың келіспей қалған кезінде соңғы шешімді біраз кезде қабылдап та жүрді. Байден 2024 жылы президенттікке барудан бас тартты да, Харрис өзінің президенттікке сайлауалды науқанын бастап, Байденнің қолдауын алды. Ол өзінің серіктесі ретінде Миннесота губернаторы Тим Уолзды таңдады. Сайлау нәтижесінде ол, алайда, республикашыл қарсыласы Дональд Трампқа қарсы жеңілді.
Remove ads
Жастық шағы және ерте мансабы
Камала Деви Харрис[b] 1964 жылғы 20 қазанда[1] Окленд, Калифорнияда туған.[2] Оның анасы, Шамала Гопалан, 1958 жылы Америка Құрама Штаттарына Үндістаннан келген биолог болған және Берклидегі Калифорния университетінде эндокринология саласында білім алды. 40 жылдай созылған оның мансабы кезінде ол сүт безінің қатерлі ісігінің зерттелуіне өз үлесін қосты.[3] Харристің әкесі, Дональд Харрис,[4] 1961 жылы Америка Құрама Штаттарына Ямайкадан келген болатын, сол университетке де түсті де, даму экономикасын зерттеді. Стэнфорд университетінің экономика кафедрасында қызмет ету құқығын алған алғашқы қаранәсілді стипендиат болып, қазір ол жерде құрметті мәртебеге ие.[5] Камала Харристің ата-аналары 1962 жылы танысты да, 1963 жылы үйленді.[6]

Харристер Беркли, Калифорнияда тұрды да, 1966 жылы, Камаланың екінші туған күніне қарай көшіп кетті. Олар кейін Орта Батыстағы университеттік қалаларда тұрды да, ата-аналары сол жерде зерттеу, оқытумен айналысты:[7] Эрбана, Иллинойс (осы қалада Камаланың сіңлісі 1966 жылы Майя туған еді), Эванстон, Иллинойс, Мәдисон, Висконсин.[8][7][9] 1970 жылға қарай Харристердің некесі әлсіреп қалды да, Шамала екі қызымен бірге Калифорнияға көшіп кетті;[10][11][7] Камала жеті жасында болғанда әке-шешесі ажырасты.[12] 1972 жылы Дональд Харрис Стэнфорд университетінде қызметке қабылданды; Камала мен Майя демалыс күндерін Пало Альтодағы әкелерінің үйінде өткізді және апта бойы Берклидегі аналарының үйінде тұрды.[13] Шамала Окленд пен Берклидегі афроамерикалық интеллигенция мен белсенділермен достасып жүрген.[9] 1976 жылы Шамала Макгилл университетінің Медицина мектебінде ғылыми лауазымды қабылдап, қыздарымен Монреаль, Квебекке көшті.[14][15] Харрис 1981 жылы Монреальдағы Вестмонт орта мектебін бітірді.[16]
1981–1982 жылдары Харрис Монреальдағы Ваниер колледжіне барды да,[17] кейін Вашингтондағы көбіне афроамерикалық болған Говард университетіндегі оқуға түсті.[18][19] 1986 жылы ол сол жердегі оқуын бітірді де, саясаттанушы және экономист дәрежелеріне ие болды.[20][21] Харрис кейін Сан-Францискодағы Калифорния университетінің Хэйстингс заң коллеждіне барып,[22] 1989 жылы юриспуденция докторы болды.[23]
Remove ads
1990 жылы Харрис Аламида округі аймақтық прокурорының орынбасары болып тағайындалды, бұл жерде оны «болашағы бар қабілетті прокурор» деп сипаттады.[24] 1994 жылы Харриспен жолығысып жүрген Калифорния Ассамблеясының спикері Уилли Браун оны штаттың Жұмыссыздықты бойынша апелляциялық кеңесіне және кейін Медициналық көмек комиссиясына тағайындады.[24] 1998 жылғы ақпанда Сан-Франциско аудандық прокуроры Теренс Халинан Харристі көмекшісі қылды.[25] Онда ол мансаптық қылмыстық бөлімшенің бастығы болды, бес басқа адвокатқа жетекшілік етті, онда ол кісі өлтіру, тонау ұрлық және жыныстық зорлық-зомбылық істері, әсіресе үш ереуіл істері бойынша қылмыстық іс қозғап жүрді. 2000 жылғы тамызда Харрис Сан-Франциско қалалық холлында жұмысқа орналасып, қалалық адвокат Луиза Реннің жанында жұмыс істеді.[26] Харрис отбасы мен балаларға қызмет көрсету бөлімін басқарды, ол балаларға зорлық-зомбылық пен немқұрайды қарау жағдайларын ұсынды. Ренне Харристің аймақтық прокурорлығына деген сайлауалды кампаниясын қолдады.[27]

2002 жылы Харрис Сан-Франциско аудандық прокуроры болып сайланбақ болды,[28] «мықты» сайлауалды кампания жүргізді де,[29][30] барысында ізашары Халинанға қарсы да сөз айтты.[31] Жалпы дауыстың 56% жинаған ол осылайша Сан-Франциско аудандық прокуроры болып сайланған тұңғыш қаранәсілді адам болды.[32] 2007 жылы ол еш қарсылассыз қайта сайланды.[33]
Remove ads
Қосымша ақпарат
- ағылш. Kamala Devi Harris, [ˈkɑːmələ ˈdeɪvi 'hærɪs], қысқартқанда Камала Харрис
- Харристі бастапқыда ата-анасы Камала Иер Харрис деп атады, олар екі аптадан кейін аффидевит жасап жатқанда толық есімін Камала Деви Харрис деп қылды.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads