Михаил Сергеевич Горбачёв

КОКП ОК соңғы бас хатшысы(1985-1991) From Wikipedia, the free encyclopedia

Михаил Сергеевич Горбачёв
Remove ads

Михаил Сергеевич Горбачёв (2 наурыз 1931 жыл, Ставрополь өлкесі30 тамыз 2022 жыл, Мәскеу) — кеңестік және ресейлік саясаткер, КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті (1990–1991), Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (1990).

Quick facts Лауазымы, Ту КСРО президенті Ту ...
Remove ads

Өмірбаяны

  • Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін (1955), Ставрополь ауыл шаруашылығы институтын (1967) бітірген.
  • 1955-1966 жж. Ставрополь қалалық және өлкелік БЛКЖО комитетінде қызмет етті.
  • 1966-1967 жж. Ставрополь қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1970 жылдан 1-хатшысы
  • 1978-1985 жж. КОКП ОК-нің хатшысы
  • 1980 жылдан саяси бюро мүшесі
  • 1985-1991 жж. КОКП ОК-нің Бас хатшысы
  • 1989-1990 жж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды
  • 1990 ж. наурызда Кеңес одағының коммунистік партиясының бас хатшысы және сәуір айында КСРО-ның Президенті болып сайланды.
  • Горбачев 1991 жылғы желтоқсаннан бері Халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер қорының (Горбачев қоры) президенті.
Remove ads

Есте қалған саяси әрекеттері

  • Бас хатшы ретінде ол КСРО-да болған фундаметалды өзгерістердің, жариялық пен қайта құрудың, Батыс Еуропа мен АҚШ арасындағы халықаралық қатынастардың өзгеруінде бастаушы болды.[1]
  • Оның бұрынғы әміршіл-әкімшіл жүйені сақтай отырып, елдегі қоғамдық өмірді демократияландыруды ұсынған идеясының кеңестік империя жағдайында жүзеге асуы мүмкін еместігін 1986 ж. Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі және одан кейін орын алған Тбилисидегі, Бакудегі, Вильнюстегі оқиғалар көрсетіп берді. Горбачевті биліктен тайдырып, кеңестік империяны қайта нығайтуды көздеушілер Тамыз бүлігін ұйымдастырды.
  • Горбачевтің кеңестік республикалар арасында жаңа одақтық шарт жасап, КСРО-ны қалай сақтап қалуға, КОКП-ны жаңа жағдайға бейімдеп реформалауға ұмтылған әрекеттері сəтсіздікке ұшырады. Тамыз бүлігінен кейін Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельциннің Жарлығымен КОКП қызметі шектелді. Беловеж келісімі (1991 ж., 8 желтоқсан) КСРО-ның ыдырағанын рәсімдеп берді. Осыған орай Горбачев өз қызметінің жойылғанын ресми жариялауға мәжбүр болды. Бұрынғы КСРО құрамында болған республикалар Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды (1991 ж., 21 желтоқсан).[2]
Remove ads

Тағы қараныз

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads