Ставрополь өлкесі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ставрополь өлкесі (орыс. Ставропо́льский край, ауызекі тілде — Ставропо́лье) — Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказда орналасқан субъектісі, өлке. Солтүстік Кавказ федералды округі және Солтүстік Кавказ экономикалық ауданына кіреді. Халық саны 2,786,281 адамға тең (2010).
Ставрополь — өлкенің елордасы және ең ірі қаласы, және Пятигорск — Солтүстік Кавказ федералды округінің әкімшілік орталығы. Бұл Ресейдегі ең көпұлтты федералды субъектілердің бірі, өлкенің әрқайсысы 2000-нан астам адамнан тұратын отыз үш этникалық тобы бар.
Ставрополь өлкесінің батыс аймағы Кубандық казактардың отаны, Кубан регионының бөлігі болып саналады.
Remove ads
Тарихы
Өлке Солтүстік Кавказ өлкесі ретінде 1924 жылы, 17 қазан күні құрылды. Көптеген әкімшілік өзгерістерден кейін атауы 1937 жылы Орджоникидзе өлкесі болып өзгертілді (Серго Орджоникидзе құрметіне). 1943 жылы ол Ставрополь өлкесі атауын алды.
Географиясы
-
Новотроицкий су қоймасы, Изобильненский ауданы, Ставрополь өлкесі
-
Түйе (Верблюд) тауы, Минераловодский ауданы, Ставрополь өлкесі
-
Ставрополь өлкесінің орталығы — Ставрополь қаласы
Өлке Солтүстік Кавказдың орталық бөлігін және Үлкен Кавказдың солтүстік беткейлерінің көп бөлігін қамтиды. Ставрополь өлкесі батысында Краснодар өлкесімен, солтүстік-батысында Ростов облысымен, солтүстігінде Қалмақиямен, шығысында Дағыстанмен, оңтүстігінде Шешенстан, Ингушетия, Солтүстік Осетия, Қабарда-Балқария және Қарашай-Шеркесиямен шектеседі.
Remove ads
Саясаты
Кеңес үкіметі жылдарында өлкеде жоғары билік үш адамға бөлінді: Ставрополь өлкелік КОКП бірінші хатшысы (шын мәнінде ең үлкен билікке ие болған), өлкелік кеңестің төрағасы (заң шығарушы билік) және өлкелік атқару комитетінің төрағасы (атқару билік).
1970–1978 жылдары Ставрополь өлкесінің тумасы Михаил Горбачёв Өлке Коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Кейінірек ол Мәскеуге көшіп, сол жерде жұмыс істеуді бастайды, 7 жылдан кейін КСРО басшысы болып сайланды. КСРО-ны басқарған Юрий Андропов та Ставрополь өлкесінің тумасы еді.
1991 жылы КСРО ыдырауынан кейін өлкенің Губернаторы лауазымы және өзінің жергілікті парламенті (Ставрополь өлкесінің Думасы) құрылды. Өлкенің 2014 жылдың 27 қыркүйегінен бері губернаторы — «Біртұтас Ресей» партиясының мүшесі Владимир Владимирович Владимиров.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads