Палладий
Атомдық нөмірі 46 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Палладий (лат. Palladіum; Pd) — элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобына орналасқан хим. элемент, ат. н. 46, ат. м. 106,42. Тығызд. 12020 кг/м³, балқу t 1552 °С. Платиналық металға жатады. Оны алғаш 1803 ж. ағылшын ғалымы У.Х. Волластон ашқан (1766 – 1828). Элемент Паллада астероидының құрметіне аталған. Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 110.6%. Табиғатта тұрақты 6 изотопы бар. Палладий саф және химикалық қосылыстар түрінде кездеседі.

Маңызды минералдары: станнопалладенит (Pd3Sn2), плюмбопалладенит (Pd3Pb2), бреггит (Pt, Pd, Nі)S, т.б. Батыс Қазақстанда кездеседі. Кесек Палладий ақшыл күміс түсті, таза күйінде жұмсақ, иілгіш, оңай өңделеді, қиын балқитын ауыр металл; тығызд. 12,02 г/см³, балқу t 1552 °С, қайнау t 2940 °С, ерекше қасиеті – 1 көлем Палладий 900 көлем сутекті сіңіреді. Өз тобындағы басқа металдарға қарағанда белсенділігі жоғары. Тотығу дәрежелері +2, кейде +4. 600 – 800 °С-та ауамен күңгірт оксид пленкасын (PdO) түзеді. Ыстық, концентрлі H2SO4 пен HNO3-те және патша арағында ериді. Палладий платинамен бірге өндіріледі де, көбіне никель өндірісінде қосымша өнім ретінде алынады. Палладий электртехникада, тіс салуда, алтын, күміс, платинамен қорытпалары дәл аспаптар жасауда, газ сіңіруде және катализатор ретінде қолданылады.
Remove ads
Табиғатта кездесуі
Жер қыртысындағы ең сирек элементтердің бірі; оның кларк саны 1 · 10−6%. Ол табиғи түрде (аллопалладий), металаралық минералдар (палладий платина, станнопалладинит Pd3Sn2 және т.б.) және басқа қосылыстар (палладит PdO, браггит (Pd, Pt, Ni) S және т.б.) түрінде кездеседі. Палладийдің 30-ға жуық минералы белгілі. Ол басқа платина металдарымен бірге жүреді, оның әртүрлі шөгінділердегі платиноидтар қоспасындағы мөлшері 25-60% аралығында болады. Гольшмидт бойынша элементтердің геохимиялық классификациясы бойынша, барлық платиноидтар сияқты ол сидерофильдерге жатады, яғни темірге жақындығы бар және Жердің өзегінде шоғырланған. Қазіргі уақытта Ресейдегі ең ірі (игерілмеген) палладий кен орны Мурманск облысында (Федорово-Панский интрузивті массив) орналасқан.
![]() |
Бұл — химия бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Remove ads
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads