Олстер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Олстер
Remove ads

Олстер (ирл. Cúige Uladh [ˌkuːɟə ˈʊlˠə], ағылш. Ulster [ˈʌlstər], олст.-шотл. Ulstèr) — Ирландияның төрт тарихи аймақтарының бірі, қазіргі уақытта аралдың солтүстігінде тоғыз графтықты біріктіреді. Алтауы - Антрим, Арма, Даун, Фермана, Лондондерри және Тирон - Солтүстік Ирландияға кірсе, қалғаны - Каван, Донегол и Монахан — Ирландия Республикасына кіреді. Негізгі тіл - ағылшын, екінші ең көп таралған - ирланд тілі. Солтүстік Ирландия халқының шамамен 10%-ы ирланд тілін біледі, дегенмен бұл тіл республиканың құрамына кіретін барлық графтықтарда оқытылады. Көбінесе Олстерді ресми емес түрде Солтүстік Ирландия деп атайды.

Quick facts Әкімшілігі, Әкімшілік орталық ...
Remove ads

Тарихы

Тарихи тұрғыдан, біздің дәуіріміздің басында болған ежелгі Ирландияның солтүстік бестігі (патшалығы) Эмайн Маха астанасымен негізінен улстер циклінің аңыз-әңгімесі бойынша сипатталған (патшалықтың құлдырауынан біршама кешірек, VII ғасырда жазылған, бар болған ауызша дәстүрге сәйкес). Археологиялық қазбалар аталған астанасы, сипатталған киім бөлшектері, күйме құрылымдары және жауынгерлік техникасы бар патшалықтың болғанын растайды.

«Басып алу кітабына» сәйкес Ирландияның бестіктерге бөлінуі, сәйкесінше Улад патшалығының құрылуы Фир Болг тайпасының бес ағайынды жетекшілерімен жүзеге асырылды.

Осы бестіктің патшасы таққа отырарда, ол елдің көзінше атпен жақындық жасауы керек (ежелгі кельттер арасындағы биліктің белгісі), кейіннен осы атты сойып, жейтіні (патша халықпен бірге) жайлы XII ғасырға қатысты сипаттама сақталған.

Ерте орта ғасырларда аймақты О’Нил әулеті басқарды. XII ғасырда Норман шапқыншылығынан кейін Олстер норман барондары - алдымен де Курси, содан кейін де Лейсидің қарамағына өтті. Олар бұл жерде Олстер графтығын құрды.

ХІХ ғасырда Олстер Ирландияның ең бай және гүлденген аймағына айналды, ал Белфаст халқы бойынша елдің астанасы, Дублинді басып озды.

ХХ ғасырда Олстер ИРӘ мен ағылшын олстерлік юнионистер арасындағы қақтығыстардың алаңына айналды (Олстер қорғаныс қауымдастығы, Олстер еріктілері майданы).

Remove ads

Әкімшілік бөлініс

Thumb
Олстер (боялған), Солтүстік Ирландия қызғылт түсті, ал Ирландия Республикасы жасыл түсті

Олстердің тоғыз графтығынан алтауы - Антрим (Aontroim), Арма (Ard Mhacha), Даун (An Dun), Ферман (Fear Manach), Лондондерри (Doire) және Тирон (Tír Eoghain) - 1921 жылы Ирландияның бөлінуінен кейін Біріккен Королдіктің құрамына енген Солтүстік Ирландияны құрайды. Олстердің үш графтығы, Каван (An Cabhan), Донегал (Dun na nGall) және Монахан (Muineachan) Ирландия Республикасының құрамына кіреді.

More information №, Графтық ...
Remove ads

География

Британ аралдарындағы ең үлкен көл - Лох-Ней Олстердің шығысында орналасқан. Аймақтың ең биік нүктесі - Слив Донард (848 м) Даун графтығында орналасқан. Ирландияның ең солтүстік нүктесі, Малин Хед, Донегал графтығында орналасқан, Еуропадағы биіктігі бойынша алтыншы клиф Слив-Лига (601 м) Арранмор аралында орналасқан. Ирландияның ең шығыс нүктесі Олстерде Даун графтығында, ал Ұлыбританиядағы ең батыс нүктесі Фермана графтығында орналасқан. Британдық аралдардағы ең ұзын өзен, Шеннон, Каван графтығындағы Шеннон ойысы мен Фермана графтығының жерасты салаларынан бастау алады. Олстердің шығыс бөлігіндегі жанартаулық белсенділік Ирландиядағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұраларының үшеуінің бірі - Антрим және Алыптардың көпірі үстіртінің пайда болуына әкелді. Олстерде друмлин белдігі бар. Олстердің географиялық орталығы Тайрон графтығының Померой мен Каррикмор ауылдарының арасында орналасқан. Ауданға келетін болсақ, Донегал графтығы - Олстердегі ең ірі графтық.

Әдебиет

  • Braidwood, J. 1964. Ulster Dialects, An Introductory Symposium Ulster Folk Museum.
  • Faulkner, J. and Thompson, R. 2011. The Natural History of Ulster. National Museums of Northern Ireland. Publication No. 026.
  • Morton, O. 1994. Marine Algae of Northern Ireland. Ulster Museum, Belfast.
  • Sheane, Michael. Ulster Blood. Ilfracombe: Arthur H. Stockwell, 2005.
  • Stewart and Corry's Flora of the North-east of Ireland. Third edition. Institute of Irish Studies, The Queen's University of Belfast
Remove ads

Сілтеме

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads