Павел Валерьевич Дуров
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Павел Валерьевич Дуров (10 қазан 1984, Ленинградта туған) - орыс кәсіпкері, программист, миллиардер, "Вконтакте" әлеуметтік желісінің жасаушыларының бірі. 2001 жылы өте жақсы деген бағамен академиялық гимназиясын бітірді. 2006 жылы - Санкт-Петербургтың мемлекеттік университетін бітірді.
Remove ads
Өмірі
Павел Дуров 1984 жылы 10 қазанда Ленинградта туды. Қарапайым мектепте ұзақ оқымай Академиялық гимназияға түсті. Ол 11 жасында программалауды үйрене бастады. 2002 жылы Павел СПбГУ-дың Филологиялық факультетіне түсті. Студенттік өмірге белсене қатысқаны үшін ол Ресей Федерациясының стипендиясымен марапатталды. Информатикадан, лингвистика және дизайн олимпиадаларынан жеңген. Оқып журген кезінде де Павел Интернет-жобаларды жасаумен айналысқан. Мысалы Durov.com және spbgu.ru. Ол америкада Facebook сайтын көре сала, еліне келіп "ВКонтакте" интернет-жобасын ашты.
Remove ads
Отбасы
Павелдың әкесі Валерий Семенович Дуров филология ғылымдарының докторы болған. Ағасы - Николоай Валерьевич Дуров физика-математика ғылымдарының кандидаты.
ВКонтакте
ВКонтакте немесе VK (орыс. ВКонтакте, "байланыста" деген мағына береді) — бұл көбінесе орыстілді ғаламторда (рунет) танымал ресейлік көптілді халықаралық сайт, әлеуметтік желі. 2013 жылда зерттеулер бойынша “ВКонтакте” сайтына күніне 43 миллион адам кіреді. "Вконтакте" сайтының негізін салушы — Павел Дуров. Танымалдылығы жөнінен Белорусь, Қазақстан және Украинада – бірінші орынды, Ресейде – екінші орынды иеленеді. 2014 жылы 24 қаңтарда Дуровтың өзінің «Вконтакте»-дегі 12 % акциясын Иван Тавринға сатып жібергені және енді қоғамдық желінің ендігі еншілесі еместігі белгілі болды.[дереккөзі?]
Өмірге деген көз қарасы
Павел Дуров либералдық көзқарасты ұстанады, ал тамақтануда вегетарианшыл.[дереккөзі?]
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
