Родий
Атомдық нөмірі 45 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Родий (латын. Rhodіum; Rh) — элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 45, атомдық массасы 102,905; платиндық металдарға жатады. Көгілдір, күміс түсті, сынғыш, баяу балқитын, қатты металл; тығыздығы 12,44 г/см³, балқу t 2020 °С, қайнау t 3727 °С. Кристалдық торы қырлары орталықтандырылған куб тәрізді. Табиғатта бір тұрақты изотопы (¹⁰³Rh) бар. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 1•10-7%. Родийді 1804 ж. ағылшын химигі У.Х. Волластон (1766 — 1828) ашты.

Тотығу дәрежесі +3, сирек жағдайларда +1, +2, +4, +6, химиялық инертті. Қыздырғанда оттекпен әрекеттесіп, суда, қышқылда, сілтіде ерімейтін кристалл (Rh2O3) түзеді; галогендермен 200 — 600 °С-та реакцияға түсіп, суда нашар еритін тұздар (RhF3, RhCl3, RhBr3, RhІ3) түзеді. Родийдің нитраты мен сульфаты суда жақсы ериді. Родийді алу үшін платина аффинажының өнімдеріндегі [Rh(NH3)3Cl3]-ті инертті газ ағынында қыздырып, бөлінген кеуекті Родийді HCl-мен шайып, 900 °С-та сутекпен металл Родийге дейін тотықсыздандырады. Физикалық қасиетіне байланысты Родий вискоза және шыны талшықтар өндірісінде фильер жасауда, катализатор ретінде, прожектор мен рефлекторлардың айналарына сақтандырғыш плёнка дайындауда қолданылады. Платинародийлік терможұп Халықаралық температуралық шкалада стандарт болып саналады.
Remove ads
Физикалық қасиеті
Родий – қатты, күміс сұр түсті металл. Тотықсыздандыру жолымен тұздардан алынған химиялық таза родий ашық сұр түсті ұнтақ немесе губка түрінде болады, балқыған кезде түсі алюминийге ұқсайтын металл түзеді.
Өте жұқа родий ұнтағы қара түсті және родий қара деп аталады. Бұл пішінді тұздарды гидразинмен, формалинмен немесе аммоний форматымен тотықсыздандыру арқылы алады. Қасиеттері бойынша қара родий платина қарасына ұқсас – ол күшті каталитикалық қасиеттерге ие және сутегін белсенді түрде сіңіруге де қабілетті.
Родий спектрдің көрінетін бөлігінде электромагниттік сәулелердің жоғары шағылысу қабілетіне ие, сондықтан ол «беттік» айналар жасау үшін кеңінен қолданылады.
![]() |
Бұл — химия бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Remove ads
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads