Станислав Викентьевич Калесник
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Станислав Викентьевич Калесник (23 қаңтар 1901, Ресей, Санкт-Петербург – 13 қыркүйек 1977, Санкт-Петербург) – ғалым, география ғылымдарының докторы (1938), КСРО Ғалымдар Академиясының академигі (1968), Ресей ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1961)
Өмірбаяны
- Ленинград универститетін (қазіргі Санкт-Петербург универститеті) бітірген (1929).
- 1939 жылы КСРО Ғалымдар Академиясы-ның Қазақстан филиалында Іле Алатауын (Талғар тау түйіні) зерттеу жұмысына кеңесші болды.
- 1940 – 72 жылы осы университетте физика, география кафедрасының меңгерушісі, декан (1940 – 43, 1949 – 53), проректор, ғылым журналдың редакторы қызметтерін атқарды.
Ғылыми еңбектері
- “Жалпы жертану негіздері” (1955)
- “Жалпы жертанудың қысқаша курсы” оқулықтары 21 елдің тіліне (оның ішінде қазақ тіліне) аударылған. Бұл еңбектерінде жалпы жертану пәнінің тұжырымдамасын, сондай-ақ, Жердің географиялық қабығының қалыптасуы мен құрылуын анықтайтын жалпы заңдылықтар көрсетілген.
- Калесник гляциология ғылымының негізін салды.
- 1929 – 31 жылы Қазақстанға жасаған экспедициясында Жетісу (Жоңғар) Алатауының мұздықтарын зерттеді.
Remove ads
Марапаттары
- Ресей ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1961)
- Ленин (1961, 1971)
- Қызыл Жұлдыз (1995) ордені.
- Еңбек Қызыл Ту (1975) ордені.
- “Құрмет белгісі” (1944, 1951) ордені.
Бүкілодақтық география қоғамының
- Ф.Н. Литке атындағы алтын медалімен (1951)
- Үлкен алтын медальмен марапатталған.
Қоғамдық қызметі
- Көптеген шет елдердің географиялық қоғамдарының мүшесі
Есте сақтау
Калесник есімі ТМД елдерінің бірнеше географиялық нысандарына берілді:
- Іле Алатауы тауының шыңына;
- Солтүстік Кавказ тауының шыңына;
- Іле Алатауы мұздығына;
- Жетісу Алатауы мұздығына;
- Полюстік Орал мұздығына;
- Солтүстік Кавказ мұздығына;
- Антарктида мұздығына.[1]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads