Стронций

Атомдық нөмірі 38 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia

Стронций
Remove ads

Стронций (лат. Strontium; Sr) — Менделеевтің Периодтық кестесінің 5-ші периодының ІІ-ші негізгі тобындағы химиялық элемент; сілтік-жер металлдар қатарына жататын химиялық белсенді элемент.

Quick facts Жай заттың сыртқы бейнесі, Атом қасиеті ...
Thumb
Стронций, Strontium (Sr)

Рет нөмірі - 38, атомдық массасы - 87,62. Стронцийдің төрт тұрақты изотоптары бар, көбірек таралғаны 88Sr (88,56%). Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 3,4*-2%. Табиғатта қосылыс түрінде ғана кездеседі. Маңызды минералдары – целестин SrSО4 және стронцианит SrSО3.

Аз мөлшерде Стронций адамның ағзасында да табылады. Бірақ оның адам үшін бір белгілі биологиялық маңызы жоқ. Стронций тұздарының шипалық қасиеттері зерттелуде. Сондай-ақ, бүгінгі күнде стронцийдің ранелатінің остеопороз ауруының ағымдағы емдік әсері зерттелуде.

Remove ads

Элементтің ашылу тарихы

Алғашқы рет бұндай элементтің бар екені туралы Адэр Кроуфорд және Уильям Камберленд Крушенк 1790 жылы әлемге жариялаған.

Осы жылы ғалымдар өз лабораториясында барийдің тұздарын зерттеу барысында барий хлоридтан басқа тағы да бір белгісіз элементтің хлориді алынады. Бұл тұздың кристалдық формасы және тұздың ерігіші басқа болады. 1791 жылы Габриель Фридрих Сульзер (нем. Gabriel Фридрих Sulzer) (1749-1830)[1] элементке Стронций атауын берді (Адэр Кроуфордтың туған жері – Шотландияның Strontian елді мекенінің атымен).

Габриель Фридрих Сульзер және Иоганн Фридрих Блюменбах минералды зерттеп, оның басқа да айрықша қасиеттерін, сондай-ақ, жану жалынының түсі және айрықша токсикалық қасиеттерін айқындайды[2]. Келесі жылдары стронций қасиеттерін Мартин Генрих Клапрот, Ричард Кируан, Томас Чарльз Хоуп, Иоганн Тобиас Ловиц сияқты белгілі химиктер зерттейді. Олар стронцийдің хлоридінен басқа да қосылыстарын айқындайды[3].

Электролиз тәсілін пайдаланып, сынаптың қызыл оксидінің әсерімен алынған стронцийдің амальгамасын айдау тәсілімен тазартып, металды жеке түрінде 1808 ж. Хемфри Дэви алған[4]. Бірақ бұл жолмен алынған стронцийдің дегенмен қоспалары болды. 1855 ж. неміс химик Роберт Бунзен химиялық таза стронцийді шығаратын методиканы ұсынды. Бұл тәсілде ерітілген Стронций хлоридінен электролизбен таза металды алады[5].

Remove ads

Физикалық қасиеттері

Thumb
Стронций - күміс түсті ақ, жұмсақ металл

Стронций - күміс түсті ақ, жұмсақ металл; тығыздығы 2,54 г/сm³ (20°С), балқу температурасы - 1 042 K, химиялық белсенді. Ауада қалыпты температурада тотығады. Металл еместермен көп мөлшерде жылу бөле қосылысады. Қосылыстарында +2 валентті. Оттекпен қалыпты жағдайда әрекеттесіп, тотық SrО түзеді. Ол сумен оңай әрекеттесіп гидрототыққа Sr(ОН)2 айналады. Стронций гидрототығы - түссіз кристалл, күшті негіз.

Remove ads

Химиялық қасиеттері

Химиялық қасиеті жағынан Стронций барий мен кальцийге ұқсас.

Сумен әрекеттескенде гидроксид түзеледі:

Стронций нитраты Sr(NО3)2, хлориді SrСl2, бромиді SrBr2 және йодиді SrI2 суда жақсы , фториді SrF2 нашар ериді.

Стронций көміртекпен әрекеттесіп карбид SrС2 түзеді.

Металл Стронций өзінің хлорлы тұзын SrСl2 балқытып электролиздеу арқылы алынады.

Алынуы

Металл стронций алудың үш жолы бар:

  • кейбір қосылыстардың термиялық ыдырауы;
  • электролиз;
  • тотықты немесе хлориді қалпына келтіру.

Металл стронций алудың негізгі өнеркәсіптік тәсілі-оның алюминий оксидін термиялық қалпына келтіру. Бұдан әрі алынған стронций айдалып тазартылады.

Стронций минералдары

  • SrAl3(AsO4)SO4(OH)6кеммлицит;
  • Sr2Al(CO3)F5стенонит;
  • SrAl2(CO3)2(OH)4•Н2О — стронциодрессерит;
  • SrAl3(PO4)2(OH)5•Н2О — гойясит;
  • Sr2Al(PO4)2OH — гудкенит;
  • SrAl3(PO4)SO4(OH)6сванбергит;
  • Sr(AlSiO4)2слосонит;
  • Sr(AlSi3O8)2•5Н2О — брюстерит;
  • Sr5(AsO4)3F — ферморит;
  • Sr2(B14O23)•8Н2О — стронциоджинорит;
  • Sr2(B5O9)Cl•Н2О — стронциохильгардит;
  • SrFe3(PO4)2(OH)5•Н2О — люсуньит;
  • SrMn2(VO4)2•4Н2О — сантафеит;
  • Sr5(PO4)3OH — беловит;
  • SrV(Si2O7) — харадаит.
Remove ads

Пайдалануы

Техникада көбіне Стронцийдің минералдары мен қосылыстары қолданылады. Стронций карбонаты, хлораты, нитраты т.б. қосылыстары пиротехникада, галогенидтерді медицинада, кометикада, тотығы оптикалық шыны жасауда, гидрототығы қант өнеркәсібінде т.б. пайдаланылады.

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads