Фридрих Мерц
Неміс саясаткері (CDU), Германия Федеративтік Республикасының оныншы канцлері, Бундестаг депутаты From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Иоахим-Фридрих Мартин Йозеф Мерц (нем. Joachim-Friedrich Martin Josef Merz; 11 қараша 1955 жыл, Брилон, Солтүстік Рейн-Вестфалия) — неміс саясаткері, 2025 жылғы мамырдан Германия Федералдық канцлері.[1] 2022 жылғы қаңтардан Христиан-демократиялық одақты (ХДО) басқарып келген ол[2] 2022 жылғы ақпаннан 2025 жылғы мамырға дейін Бундестагтағы Оппозиция көшбасшысы еді.[3][4] 2024 жылғы қыркүйекте ол ХДО-ның 2025 жылғы парламент сайлануына орай канцлерлікке үміткері атанды.[5] ХДО ең көп мандат жеңіп алды да, ХДО/ХӘО парламенттік тобы Социал-демократтармен коалиция жасады. 2025 жылғы 6 мамырда екінші қайтара дауыс берген парламент Мерцті ақыр аяғында Германия канцлері етіп сайлады.[6] Үміткердің осылай бірінші айналымда таңдалмай қалғаны бұрын Германия тарихында болмаған еді.[7][8]
Мерц Батыс Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі Брилонда дүниеге келген. 1972 жылы ол Жастар одағының мүшесі болды. 1985 жылы заң мектебін бітірген Мерц судья, корпоративтік заңгер бола тұрды да, 1989 жылы Еуропалық парламентке сайланып, саясатпен айналысатын болды. Бір мерзімнен кейін ол Бундестаг депутаты болды да, ол жерде ХДО-ның қаржы саясаты бойынша маманы атанды. 2000 жылы Ангела Меркель ХДО/ХӘО төрайымы болып және Мерц ХДО парламенттік тобының төрағасы болып сайланды. Осы жылдары екеуі де ХДО/ХӘО төрағалығына бәсекелес еді және Христиан-әлеуметтік одақпен (ХӘО) қатар үкіметтегі оппозицияға басшылық етті.[9][10]
2002 жылғы федералдық сайлаудан кейін Меркель парламенттік топтың басшылығына келді де, Мерцті өз орынбасары қылды. 2004 жылғы желтоқсанда Мерц бұл лауазымнан өз еркімен кетті де, Меркельмен болған бәсекелестікті аяқтады,[11][10] ақырын ғана саясатты қойды да, заңгерлікпен айналысып кетіп, 2009 жылы Парламенттен кетті. Корпоративтік заңгер мен ықтимал мультимиллионер болған Мерц, оған қоса, — жекеше ұшқыш, екі ұшаққа ие.[12][13] 2018 жылы Мерц саясатқа оралатынын жариялады. 2021 жылғы желтоқсанда ол ХДО басшысы болып сайланды да, қызметке 2022 жылғы қаңтарда келді. 2018[14][15] және 2021 жылдардағы оның ХДО басшылығына үміткерліктері сәтсіз шыққан болатын.[16][17]
1970 және 1980 жылдары жас саясаткер болған Мерц антикоммунизмді қатты жақтайтын. Бұл идеология Батыс Германия тұсындағы ХДО үшін аса маңызды еді. Қазіргі заманда Мерц ХДО-ның бизнесшіл және дәстүрлі консерваторлық өкілі болып саналады.[18] Оның Mehr Kapitalismus wagen (Көбірек капитализммен еркіне кету) кітабы экономикалық либерализмді жақтайды. Мерц, оған қоса, аса «америкашыл» делінеді,[19] атлантизм мен неміс-америкалық қатынасты қолдайтын Atlantik-Brücke ұйымының төрағасы болған. Мерц — Еуропа Одағы, НАТО мен дүниежүзі либерализмінің ірі жанкүйері, өзін «трансатлантист», «әлемге ашық неміс» деді.[20] Ол жиі Трамп әкімшілігін, Дональд Трампты және Владимир Путин тұсындағы Ресейді сынға алады, Еуропаның Америка Құрама Штаттарынан «тәуелсіздігін» қалайды.[21]
Remove ads
Ерте жылдары және білімі
Фридрих Мерц 1955 жылғы 11 қарашада, Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі Брилонда, Иоахим Мерц (1924 туған) пен Паула Совини (1928 туған) отбасында дүниеге келген.[22] Мерцтің әкесі Иоахим судья және ХДО мүшесі еді.[23] Совини әулеті патрициаттар отбасы ретінде белгілі еді және француздардан тараған болатын. Мерцтің нағашы атасы Йозеф Пауль Совени Брилонның мэрі еді.[24] Мерц — католик.[25][26][27][28]
1975 жылы мектеп бітірген Мерц[29][30] сол жылғы шілдеден 1976 жылғы қыркүйекке дейін Германия армиясында өздігінен жүретін артиллериясы бар сарбаз болды.[31][32] 1976 жылдан бастап ол Конрад Аденауэр атындағы қор көмегімен заң оқыды, бірінші Бонн университетінде, кейін Марбург университетінде. Бонндағы оқуы кезінде ол KDStV Bavaria Bonn атты католик ер студенттер ұйымының мүшесі болған. 1985 жылы ол заң оқуын бітірді де, Саарбрюккенде заңгер болып жұмыс істейтін болды. 1986 жылы ол бұл қызметтен кетіп, жекеше заңгер қызметімен айналысты.[33]
Мерц немісше, ағылшынша және французша сөйлейді.[34]
Remove ads
Ерте саяси мансабы
1972 жылы он жеті жастағы Мерц ХДО-ның жастар ұйымы болған Германия Жастар одағының мүшесі болды.[22] 1980 жылы ол ұйымның брилондық филиалын басқарып кетті.
1989 жылы Мерц Еуропалық парламент депутаты болып сайланды да, 1994 жылға дейін бір мерзім ғана қызмет етті. Мерц Еуропарламенттің Экономика және қаржы істері бойынша комитетінің және Мальтадағы делегациясының мүшесі болатын.
1994 жылғы федералдық сайлау нәтижесінде Мерц Хохзауэрланд сайлау округінен Бундестаг депутаты болып сайланды. Тұңғыш мерзімі кезінде ол Қаржы комитетінің мүшесі болды.
1998 жылғы қазанда Мерц ХДО/ХӘО парламенттік тобының вице-төрағасы болып, 2000 жылғы ақпанда төрағасы (Михаэль Глоспен қатар) болып тағайындалды. Бұл лауазымның иесі ретінде ол канцлер Герхард Шрёдерге қарсы Оппозиция көшбасшысы еді.
2002 жылғы федералдық сайлауға орай Эдмунд Штойбер Мерцті ХДО көлеңкелі кабинетіне қосты. Сайлауалды кампания барысында Мерц Штойбердің қаржы нарығы мен ұлттық бюджет бойынша маманы болды.[35] Фракция басшысы Штойбердің сайлаудағы жеңілісінен кейін оның орнын Ангела Меркель алды; Мерц осылайша 2004 жылға дейін қайта вице-төраға қызметін атқарып жатты. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Мерц, оған қоса, ХДО атқарушы кеңесінің мүшесі болатын.[11]
2005 жылы неміс БАҚ-ы Мерцті Анд пактінің мүшесі деді.[36] 1979 жылы, Анд тауларына сапар барысында құрылған және еркек ХДО мүшелерінен тұрған бұл одақ бастапқыда жасырын топ еді. Анд пакті Меркельге қарсы болатын.[10] 2005 жылғы федералдық сайлау мен 2009 жыл аралығында Мерц Заңи істер комитетінің мүшесі болған. 2007 жылға қарай ол 2009 жылғы федералдық сайлауға қатыспайтынын айтты.
Remove ads
Саясаттан кеткен Мерц 2009 жылдан корпоративті заңгер болды. Заңгер мен кеңестер мүшесі ретінде қызметі арқылы ол мультимиллионерге айналды.[37]
-
Мерц, 2004 жыл
-
Мерц, 2017 жыл
-
Atlantik-Brücke төрағасы Мерц, АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер мен Германия Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен, 2015 жыл
Саясатқа оралуы
2021 жылғы 15 қарашада Мерц өзін ХДО төрағалығына ұсынды.[38][39]
Қысқа сайлауалды кампаниясы кезінде Мерцтің қарсыластары өздерін Ангела Меркельдің ізбасарлары ретінде көрсетті: Мерц, керісінше, өзін Меркельдің центризмінен үзіліс ретінде «жарнамалады».
2022 жылғы 22 қаңтарда Мерц ХДО төрағасы болып ресми түрде сайланды. Оны 983 делегаттың 915-і қолдады.[40][41][42]
2024 жылғы қыркүйекте Мерц ХДО-ның 2025 жылғы сайлаудағы федералдық канцлерлікке болжамды үміткері атанды. Үміткерліктен бас тартқан Хендрик Вюст (ХДО) пен Маркус Зёдер (ХӘО) Мерцтің канцлер болғанын жақтады.[43][44] 2024 жылғы қарашадағы саяси дағдарыс барысында билік коалициясы ыдырады да, сайлау осылайша мерзімінен жеті ай бұрын өтетін болды.
Парламент сайлауының экзитполдары ХДО-ның бірінші орын алатынын және Мерцтің осылайша канцлер болатынын көрсетті. Көрсетілген сандар, алайда, партияның тарихындағы екінші ең нашар нәтижесі болатындай көрінді.[45][46]
Сайлауға электораттың 84% қатысты. Бұл — Германиядағы 1990 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. ХДО жалпы дауыстың 28,6% жинаса, Германия үшін балама партиясы 20,8% жинап шықты.[47]
Сайлаудан кейін Христиан-демократиялық одақ (ХДО) пен Социал-демократиялық партия (СДП) коалиция құру бойынша келіссөздер жүргізіп кетті. Сайлау барысында Мерц басқарған ХДО мандат саны бойынша бірінші партия атанды, алайда басым көпшілікке қол жеткізе алмағандығынан коалиция құруға мәжбүр болатын.[48]
2025 жылғы 5 наурызда Мерц қорғаныс секторына баратын қаржы көбейтуді ұсынды.[49] Ол баспасөз мәслихатында: «Германия мен Еуропа өздерінің қорғаныс қабілетін тез арада нығайтуы керек» деді. Ол үшін ГФР негізгі заңына өзгерістер жасау жоспарланды.[50] Бұл Германияға өзінің әскери күштерін қаржыландыру және Украинаға әскери көмек көрсету үшін қарызын шектеусіз ұлғайтуға мүмкіндік беретін еді.[51][52] Экономистер Мерцтің жоспары инфляцияға әкеліп, Германияның мемлекеттік қарызын арттыра алады деп ескертті.[53] Бұл жоспарды ХДО, ХӘО, СДП және Жасылдар қолдады. Мерцтің қазыналық топтамасын Франция президенті Эммануэль Макрон, НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте және Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен қолдады.[54]
2025 жылғы 9 сәуірде Мерц, ХӘО басшысы Маркус Зёдер, СДП тең басшылары Ларс Клингбайль мен Заския Эскен бірігіп, жоспарланған қара-қызыл коалицияның келісімін ұсынды.[55] 2025 жылғы 5 мамырда келісімге қол қойылды.[56]
Remove ads
Канцлер (2025–)
2025 жылғы 6 мамырда орын алған депутатаралық дауыс берудің бірінші айналымында Мерц 316 дауыстан тұратын басым көпшілікке ие болмай қалды. Канцлерлікке үміткердің бірден сайланбай қалу Германия тарихында бұрын-соңды болмаған еді.[57] Дәл сол күні дауыс берудің екінші айналымы өтті де,[58] 325 дауыс жинаған Мерц канцлер атанды.[1]
Саяси ұстанымы
Мерц экономикалық, сыртқы, қорғаныс пен отбасы саясатына біраз мән береді. Ол бір кезде өзін әлеуметтік жағынан консерватор, экономика жағынан либерал деген. Мерцті сарапшылар ХДО-ның дәстүрлі және бизнесшіл өкілі деп сипаттайды.[18]
Мерц 2025 жылғы сайлаудан кейінгі басты мәселені тұрақсыз иммиграция деді.[59] Мерц Еуропалық миграция дағдарысына әкелген Ангела Меркельдің ашық шекара саясатын «пешенеге жазылған қате» деп көрді. 2024 жылы Мерц баспана сұраушылардың қабылданбағанын талап етті.[a] 2024 жылғы пікірталаста Мерц Саксонияның премьері Михаэль Кречмердің тұжырымын қолдап, Германия жылына қабылдайтын баспана іздеушілер санын 60 000–100 000-ға дейін шектеуді ұсынды. Мерц сөзінше, Кречмердің бұл ұсынысы елдің интеграция саясатына қолжетімді.[63]
10 қазан шабуылынан кейін 2023 жылғы қазанда Мерц Германияның палестиналық босқындарды қабылдай алмайтынын, елде «антисемит жастардың жетіп тұрғанын» айтты.[64][65] 2024 жылғы желтоқсанда ол сириялық босқындардың Сирияға депортацияланғанын талап етті. Канцлер ретінде ол адамдарды Ауғанстан мен Сирияға депортациялауы мақсат көреді.[66]
Remove ads
Мерц Bürgergeld (жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы) саясатына қарсы, СДП партиясындай[67] оның жойылғанын, орнына Жаңа негізгі қауіпсіздік саясатының орнауын қалайды.[68]

Мерц — Еуропа Одағы мен НАТО-ның берік жанкүйері. 2018 жылы ол өзін «нық еуропалық, трансатлантист және әлемге ашық неміс» деп сипаттады және «Мен тамыры христиандық этика мен еуропалық ағартушылыққа жататын және ең маңызды саяси одақтастары Батыстың демократиялары болып табылатын Германияны қолдаймын» деді.[69][20] Ол Германия мен Франция арасындағы одақтастықты аса қолдайды.[70]
Мерц авторитар мемлекеттерге, әсіресе Ресей мен Қытайға қарсылығы үшін белгілі. 2023 жылы ол Еуропаның бірігіп, Қытаймен сыртқы саясатын жаңадан қарап шыққанын талап етті.[71] Қытайды ол «Германия қауіпсіздігіне қатер» деді.[72]
Ескертпелер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads