Дональд Трамптың екінші президенттігі
2025 жылдан 2029 жылға қызмет етпек АҚШ президенттік әкімшілігі From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Дональд Трамптың екінші президенттігі 2025 жылғы 20 қаңтарда, оның АҚШ 47-президенті ретіндегі сол күнгі инаугурациясынан кейін басталды. Бұрын 2017 жылдан 2021 жылға дейін АҚШ 45-президенті болған Трамп демократ қарсыласы Камала Харриске қарсы өзінің 2024 жылғы жеңісінен кейін тағы президент болды. Ұлықталуынан кейін Трамп АҚШ тарихындағы екі бөлек мерзім қызмет еткен Гровер Кливлендтен кейінгі екінші президент, жасы ең үлкен президент және тұңғыш қылмыскер президент болды.
Remove ads
Алғышарттары
- Тағы қараңыз: АҚШ Республикалық партиясының праймеризі (2024) және Республикалық партияның ұлттық съезі (2024)
Дональд Трамп Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер болу үмітін 2022 жылғы 15 қарашада, өзінің Мар-а-Лаго үйіндегі бір сағатқа жуық сөзінде жария қылды.[1][2] 2024 жылғы наурызда ол өз партиясының праймеризінде делегаттар даусының көпшілігін жеңіп алды да, партияның болжамды үміткері болды.[3] Трамп өзінің сайлаудағы серіктесі ретінде огайолық сенатор Джей Ди Вэнсты таңдады да, екеуі сол жылғы Республикалық партияның ұлттық съезінде партияның үміткерлері ретінде ресмиленді.[4]
Қызметтегі президент Джо Байден бастапқыда қайта сайлануға ниеттеніп жатқан, 2024 жылғы наурызда ол праймеризде аз ғана бәсекеден жеңіп шығып, Демократиялық партияның болжамды үміткері болды.[5][6] Алайда өзінің дебаттағы нашар нәтижесі және жалпылама көпшіліктің оның денсаулығы мен үлкен жасы жайлы уайымдары себебінен 2024 жылғы шілдеде ол қайта сайланудан бас тартты.[7][8] Байден көп ұзамай өзінің вице-президенті мен 2020 жылғы сайлаудағы серіктесі Камала Харристің үміткерлігін қолдады; Харрис өзінің президенттікке бару ниетін 21 шілдеде жария етті.[9] Келесі күні ол делегаттардың жеткілікті даусын жинап алды да, партияның жаңа болжамды үміткері болды да,[10] 2024 жылғы тамызда Демократиялық партияның ұлттық съезінде оның үміткерлігі ресмиленді.[11]
2024 жылғы 6 қарашада Трамп демократтардан Висконсинді «тартып алды» да, АҚШ президенті болып сайлануға керек Сайлаушылар алқасының жеткілікті даусын жеңіп алды.[12][13] Сайлаушылар алқасының дауыстарын АҚШ Конгрессі 2025 жылғы 6 қаңтарда куәландырады.[14] Өкілеттігі басталғанда Трамп АҚШ тарихында екі бөлек мерзімі бар Гровер Кливлендтен басқа жалғыз президент,[15] инаугурациясы кезіндегі жасы ең үлкен президент және тұңғыш қылмыскер президент болмақ.[16] Ең жас АҚШ вице-президенттерінің бірі болмақ Джей Ди Вэнс оған қоса АҚШ-тың тұңғыш миллениал вице-президенті және Теңіз жаяу әскерінің корпусында қызмет еткен тұңғыш вице-президенті болады.[16]
Remove ads

2024 жылғы тамызда Трамп Линда Макмэн мен Хауырд Латник басқарған «билік алмасуы» тобын құрмақ болды. The New York Times жазуынша, Трамп — ырымшыл адам және сол себептен ол сайлау күніне дейін болашақ әкімшілігінің мүшелерін таңдамай қойды. Алмасу тобы 2025 жобасы үшін жанжалды болған консервативті The Heritage Foundation тобымен жұмыс істегеннің орнына America First Policy Institute тобымен бірлесіп жұмыс істемек.[17] Қазанға қарай Трамп бұл топтың жұмысына мүлдем кірісіп жатпайтын[18] және қарашадағы жағдай бойынша әлі де уәде сертін бермеген.[19]
Дональд Трамптың ұлықталуы 2025 жылғы 20 қаңтарда, Вашингтондағы Капитолийде өтетін болады.[20]
Әкімшілігі
2024 жылғы шілдеде Трамп сол жылғы Республикалық партияның ұлттық съезінде сайлаудағы өзінің серіктесі және вице-президенттікке үміткері ретінде огайолық сенатор Джей Ди Вэнсты таңдады. Вэнстың үміткер болғанын кіші Дональд Трамп, Илон Маск пен Такер Карлсон сияқтылар қолдады. Трамптың бұл шешімі оның аса жанжалды болған сайлауалды кампаниясы және 2020 жылғы сайлаудан бергі шулы істерінен және сол себептен шыққан кейбір консерватистердің одана бас тартқанынан кейін келді. Республикашылдардың бірнешеуі, мысалы, Флорида губернаторы Рон Десантисті Трамптан жоғары көрді.[21]
Remove ads
Дональд Трамп өзінің болашақ кабинетінің құрамына біраз адам ұсынып жүр.[22] БАҚ Трамптың кабинетке ұсыныстарын тиісті тәжірибеден гөрі жеке адалдықты бағалайды деп сипаттады.[23][24] Трамптың жаңа кабинеті, оған қоса, қазіргі заманғы тарихтағы ең бай әкімшілік болмақ, мемлекеттік лауазымдарға 13-тен астам миллиардер таңдалды.[25][26] Трамп шенеуніктері мен Илон Маск алдағы сайлауда Трамптың кандидаттарына дауыс бермеген республикашыл сенаторларды қаржыландырмай қоямыз деп қорқытты.[27][28]
Remove ads
Ішкі саясаты
Трамп өзінің 2024 жылғы науқаны барысында саяси қарсыластарына қарсы кек алуға жиі уәде беріп жүрген[29][30] және саяси қарсыластарын қудалауға «құқылы» болғанын айтып жүрді.[31] Ол сондай-ақ ол туралы жағымсыз ақпарат таратқан баспасөз компанияларынан лицензияларын тартып аламын деп бірнеше рет айтты, абайсызда жария болған ақпарат көздерін атаудан бас тартқан журналистерді түрмеге отырғызатынын айтты.[32]
Трамптың «қарсыластарға қарсы қысым көрсетемін», «түрмеге отырғызамын» деген риторикасы оның бірінші президенттігінен бері бар. 2016 АҚШ президент сайлауы телепікірталасы кезінде, мысалы, ол Хиллари Клинтонды дәлелденбеген қылмыстары үшін қамауға аламын деп қорқытып жүретін.[33][34]
Remove ads
2024 жылғы сәуірде Трамп абортты әр штатқа қалдыратынын айтты.[35] Time журналына берген сұхбатында Трамп штаттарға жүктілікті қадағалауға және аборт жасамақ пациенттерді қамауға алуға рұқсат бере алатынын айтты.[36] Трамп Аризона Жоғарғы Сотының ананың өмірін сақтауға ғана ерекшелік беретін аборт жасауды қылмыстандыру шешімін сынға алды да, абортқа федералдық тыйымды заң қылмаймын деді.[37] Қазанда ол бұл ойын тағы бір рет қайталады.[38]
Алабама Жоғарғы Соты мұздатылған эмбрионды адам деп таныды да, Трамп экстракорпоральді ұрықтандыру концпециясын қолдап кетті.[39]
Трамптың климат пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі билік ауысуы тобын ішкі істер министрі қызметін атқарған бұрынғы мұнай лоббисі Дэвид Бернхардт және Трамп тұсындағы қоршаған ортаны қорғау агенттігін басқарған бұрынғы көмір лоббисі Эндрю Уилер басқарады. Команда Париж келісімінен екінші рет шығуға, қоғамдық жерлерде бұрғылау мен өндіруді кеңейтуге және ластануды тоқтату үшін жұмыс істейтін кеңселерді бөлшектеуге дайындалуда, басқа шенеуніктер қоршаған ортаны қорғау агенттігін Вашингтоннан көшіруді де талқылады. Трамп бірнеше ұлттық табиғи аумақтың шекараларын өзгертуді, ол өзінің бірінші президенттігі кезіндегідей президент Джо Байден тұсында басталған жаңа табиғи газ экспорттау терминалдарын тоқтатуды және штаттардағы ластану стандарттарының орнауына жол бермеуді жоспарлайды.[40]
2024 жылғы сәуірде Мар-а-Лагодағы жеке кешкі ас кезінде Трамп қазба отын компанияларына егер олар оның сайлауалды кампаниясына ақша берсе, қоршаған ортаны қорғау ережелерін өзгерте аламын деді.[41]
2024 жылғы қарашада CNN Трамптың АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігі басшысына үміткер ретінде Ли Зелдинді таңдағанын хабарлады.[42]
Remove ads
Трамп импортталатын тауарларға, әсіресе Қытайдан келетін тауарларға қойылатын баж алымдарын көтермек болғанын айтқан.[43]
The New York Times хабарлауынша, Трамп өзінің бірінші президенттігі кезінде енгізген иммиграциялық саясатты кеңейтуді және қайта жандандыруды, соның ішінде мұсылмандардың елге келуіне тыйым салуды, пана іздеушілердің жұқпалы аурумен ауырған жағдайында елден шығаруды, иммиграциялық және кеден органдарына жаппай депортацияда көмектесу үшін полиция қызметкерлері мен сарбаздарды орнатуды және қамауға алу лагерлерін кеңейтуді көздеп отыр.[44]
2024 жылғы 10 қарашада Трамп елдегі басты шекарашы ретінде Том Хоуманды таңдағанын жария етті де,[45] Том заңсыз мигранттардың депортациялануына жауап беретін болады деді.[46]
2024 жылғы қыркүйекте Трамп «АЛАЯҚТЫҚ жасағандарды заң толығымен жазалайтын болады» деп жазды. Ол Meta Platforms бас директоры Марк Цукербергті Американы құтқарудағы (2024) COVID-19 пандемиясы кезінде сайлау агенттіктеріне 400 миллион АҚШ долларын бергені үшін жауапқа тартамын деп қорқытты.[47]
Трамп Әділет министрлігінің Вашингтон мен Флоридада өзіне қарсы заңи қудалауын тоқтатады деп күтілуде. The Washington Post хабарлауынша, арнайы прокурор Джек Смит өзін қудалауды мерзімінен бұрын тоқтатып, Трамптың инаугурациясына дейін бас прокурор Меррик Гарландқа қорытынды есеп беруді қарастырады.[48]
Трамп бірнеше рет 2024 жылы сайлансам, 2020 жылғы 6 қаңтарда Капитолийге заңсыз басып кірген және сайлау нәтижесін жоққа шығармақ болған өзінің қолдаушыларын кешіремін деген.[49][50][51] 2024 жылғы наурыздағы жағдай бойынша сол оқиғаға қатысы бар 500 адам түрмеде отыр және 1 358 адам қылмыскер атанды.[52]
12 қарашада Трамп Илон Маск пен Вивек Рамасвамидің жаңа құрылмақ Үкімет тиімділігінің департаментінің (DOGE) тең басшылары ретінде таңдады.[53] Атауы интернет-мемге негізделген бұл департаменттің[54] негізгі мақсаты биліктегі бюрократияны жоқ қылу, артық шығынын азайту, федералдық агенттіктерді реформалау болмақ.[55]
Бірінші мерзімінде Трамп білім беру жүйесін, әсіресе Білім беру министрлігін біраз сынға алатын, бюджетін қысқартып жататын. Екінші мерзімге бармақ болғанда ол Министрлікті ыдырату, білім беруді әр штатқа қалдыру, мектептерге христиандық дұға қылуды қайтару сияқты өзгерістерді қолдап кетті.[56]
Өкілеттігін бастаған күні, 2025 жылғы 20 қаңтарда Трамп әйел мен еркектен басқа жыныстарды мойындамай қоятын, трансгендер құқықтарын шектейтін жарлықтарға қол қойды. Түрлі дереккөз ЛГБТ америкалықтардың осы әкімшілік тұсында «анық емес» болатынын жазады.[57][58]
Екінші инаугурациясы кезінде Трамп Америка Құрама Штаттарында екі гендерден басқаны[59] және бүкіл трансгендерлерді мойындамай қоятын жарлыққа қол қойды.[60] 2025 жылғы қаңтар соңына қарай АҚШ үкіметі федералдық сайттардағы трансгендерлер жайлы ақпаратты жойып, «LGBTQ» аббревиатурасын «LGB» қылды.[61] Көп ұзамай Трамп, оған қоса, трансгендерлердің АҚШ әскеріне мүше болуына[62] және транс-әйелдердің әйелдер спортына қатысуына тыйым салатын жарлықтар шығарды.[63]
14 қарашада Трамп денсаулық сақтау агенттіктерінің бірін басқаруға кіші Роберт Ф. Кеннедидің үміткерлігін ұсынбақ болғанын жариялады. Оның бұл шешімі аса даулы болды; Кеннеди біраз жыл бойы вакцинаға қарсы шығып жүріп, біраз жалған ақпарат таратып жүрген еді.[64] Бір кезде бұл жалған ақпараты Самоадағы қызылша тарауына әкеліп, 83 адамның өліміне себеп болды.[65]
Сыртқы саясаты

Трамп қызметіне кіріспес бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудан Газадағы соғысты екі айдың ішінде тоқтатуға шақырып, Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауға жол ашты.[66]
Жаңа Трамп әкімшілігі мен Байден әкімшіліктері бірігіп Израиль−Хамас соғысын тоқтатпақ болған келісімшарт дайындады да, 2025 жылғы 19 қаңтарда, Трамп инаугурациясына бір күн қалғанда, келісімшарт сәтті болды.[67]
2024 жылғы 11 қарашада Илон Маск Иранның БҰҰ-дағы елшісі Сейіт Иравани кездесті.[68][69]
Жеңіске жеткеннен кейін Трамп Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шалып, соғысты кейінірек шешуге мүдделі екенін білдіріп, Ресей-Украина соғысын өршітпесін деді.[70]
Трамп президент ретінде қорғанысқа ЖІӨ-нің кем дегенде 2% жұмсамайтын НАТО-ға мүше мемлекеттерді қорғауға міндеттеме бермейтінін бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар, сайланған вице-президент Джей Ди Вэнс пікірінше, НАТО-ның «шынайы одаққа» айналатын уақыты болды.

Өзінің екінші инаугурациясына дейін Трамп Америка Құрама Штаттарының саяси ықпалын және территориясын кеңейтпек түрлі ұсыныстар жасап жүрген.[71]
Трамп Канада үкіметі оның пікірінше, Канада-Америка Құрама Штаттары шекарасындағы заңсыз көші-қон мен есірткі дағдарысын тоқтату үшін Канададан келетін барлық тауарларға 25% баж салығын енгізетінін айтты.[72] Канада шенеуніктері АҚШ-ты жауап тарифтерімен және жіберетін энергиясын жауып тастаумен қорқытты.[73] Бұл Трамптың Канада премьер-министрі Джастин Трюдоны Канаданың Одаққа қосылу туралы әзіл-қалжыңдық ұсыныстарымен мазақтауына әкелді және бір кезде Трамп Трюдоны «Канада губернаторы» деп те атады.[74]
2024 жылғы желтоқсанда Трамп Америка Құрама Штаттарының Даниядан Гренландияны сатып алуды ұсынды, елдің аралға ие болуын ұлттық қауіпсіздікке міндетті болғанын айтты. Өзінің тұңғыш президенттігі кезінде Трамп бұл ұсынысты бұрын айтқан еді, алайда Дания онымен келіспей қалды да, 2019 жылғы тамыздағы Данияға сапарына Трамп бармай қойды.[75] 2025 жылғы 7 қаңтарда Трамптың ұлы кіші Дональд Трамп Гренландия астанасы Нуукқа сапар жасап, жергілікті халыққа MAGA кепкелерін таратып жатқандай болды.[76] Келесі күнгі баспасөз мәслихатында Трамп Трамп Гренландияны немесе Панама каналын басып алу үшін әскери немесе экономикалық күштер қолданбайтынын жоққа шығарудан бас тартты.[77] Алайда ол Канадаға қарсы әскери күшті қолданбаймыз деді.[77]
2024 жылы Трамп Америкалық кемелердің өтуі үшін «тым үлкен тарифтерге» байланысты Панамадан Панама каналының Америка Құрама Штаттарына қайтарғанын талап етті.[78] 2025 жылы ол өзінің бұл риторикасын тоқтатпай, жалғастыра берді.[79]
Тағы қараңыз
- Дональд Трамптың бірінші президенттігі
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads