Церий

Атомдық нөмірі 58 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia

Церий
Remove ads

Церий (лат. Cerіum; Ce) — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат.н. 58, ат.м. 140,116. Сұр металл; тығызд. 6,768 г/см³; балқу t – 798 °С. Негізгі минералдары – монацит пен бастнезит.

Quick facts Жай заттың сыртқы бейнесі, Атом қасиеті ...
Thumb
Церий Ce

Церидің тұрақты 4 изотобы бар. Жасанды радиоктивті изотоптарының ішіндегі маңыздысы Се (Т½=33,1 күн). Церийді 1803 жылы швед химигі И.Я.Берцилиус ашқан. Ол бос күйінде 1806 жылы церийдің үш хлоридін (СеCl3) электролиздеу арқылы алынған. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 4,5•10-3%.

Табиғатта негізінен минерал моноцит түрінде, жерде сирек ұшырасатын элементтермен, ториймен бірге кездеседі. Церий - сұр түсті, жұмсақ металл, тығыздығы 6,77г/см³, балқу температурасы 804 °С, қайнау температурасы 3600 °С. Химиялық активті қосылыстардағы тотығу дәрежесі 3, 4. Ылғал ауада оңай тотығады. Церийді 160-180 °С-қа дейін қыздырғанда қос тотық СеО2 түзе тотығады. Онда сұйытылған қышқылдар да ериді. Жоғары температурада галогендер азот, күкірт, т.б. элементтермен тікелей реакцияласады.

Құрамына церий қосылған болат, шойын және түсті металдар қорытпаларының механикалық қасиеті жақсарады, алюминий, магний қорытпаларының жоғары температураға беріктігі артады. Церий қосылыстары шыны өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады, оның сульфаты фотографияда, көлемдік талдауда, т.б. қолдаланылады.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads