Цирконий
Атомдық нөмірі 40 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Цирконий (лат. Zіrconіum; Zr) — элементтердің периодтық жүйесінің ҚV тобындағы хим. элемент, ат. н. 40, ат. м. 91,22.

Remove ads
Табиғи тұрақты изотоптары
⁹⁰Zr (51,46%), ⁹¹Zr (11,23%), ⁹²Zr (17,11%), ⁹⁴Zr (17,40%), ⁹⁶Zr(2,80%).
Физикалық қасиеттер
Жасанды жолмен алынған радиоактивті изотоптары ⁹³Zr, ⁹⁵Zr радиоактивті индикатор ретінде пайдаланылады. Цирконийді 1788 жылы неміс ғалымы М.Клапрот циркон минералын талдау нәтижесінде ашқан. Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 2•10–2%. Табиғатта негізінен циркон, бадделеит және күрделі цирконсиликат (эвдиалит, эвколит) минералдары түрінде кең таралған. Цирконий — күміс түсті ақ метал, балқу t 1852 °C, қайнау t 3580÷3700 °C. Таза күйінде Цирконий пластик. және оңай өңделеді. Цирконийдің ең бағалы қасиеті — коррозияға, хим. агрессивті ортаға тұрақтылығы. Қосылыстарындағы тотығу дәрежесі +4. Галогендермен әрекеттесіп галогенидтер (ZrHal4), фосформен қосып қыздырғанда дифосфид ZrР2, бормен 1500°С-тан жоғары температурада боридтер түзеді.
Remove ads
Химикалық қасиеттер
Цирконий қосылыстарының маңыздысы — қос тотығы ZrO2. өнеркәсіпте Цирконийді көбіне циркон және бадделеит минералдарынан алады. Металл Цирконийді өзінің қос тотығын кальций немесе кальций гидридімен, Цирконий хлоридін магниймен, фторцирконат калийді натриймен тотықсыздандыру арқылы алады.
Қолданыс
Цирконий электрвакуумдық техникада, металлургияда, машина жасау өндірісінде, т.б. пайдаланылады. Цирконий қос тотығы және циркон отқа берік материалдар, шынының ерекше сорттарын дайындауда қолданылады.
Ciлтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том
![]() |
Бұл — химия бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads