Шоршы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Шоршы
Remove ads

Шоршы (өзб. Shoʻrchi/Шўрчи) — қала (1976 жылдан) Өзбекстанның Сұрқандария облысындағы Шоршы ауданының әкімшілік орталығы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Сипаттама

Қала Термез қаласынан солтүстік-шығысқа қарай, Сұрхан оазисінің ортасындағы жазықта орналасқан. Қала маңынан Сұрқандария өзенінен су алатын Құмқорған каналы ағып жатыр. Елді мекен 1976 жылы қала мәртебесін алды. Шоршы — ірі транспорт торабы. Қаладан Термез, Қарлұқ, Байсын, Денау, Шерабат, Құмқорған және Кафрунға автобустар қатынайды. Термез-Регар автобусы да аудан арқылы өтеді. Қалада аттас темір жол стансасы бар (Термез-Құмқорған желісінде).

Remove ads

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық

Шоршы — шағын қала. Ол халық саны бойынша өз елінде (Өзбекстан) 88-орында және өз аймағында (Сұрқандария облысы) 7-ші орында. Оның жаһандық рейтингі шамамен 14 983-ші орында.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Қарлұқ (18 км), Құмқорған (26 км), Денау (30 км), Бандиқан (39 км), Ұзын (43 км),Сарыасия (46 км), Шарғұн (52 км), Байсын (55 км), Сарық (61 км), Жарқорған (64 км), Турсунзаде (67 км, Тәжікстан), Шерабат (77 км), Каратаг (82 км, Тәжікстан), Ангор (83 км), Гиссар (87 км, Тәжікстан), Шаартуз (88 км, Тәжікстан), Үшқызыл (89 км), Колхозабад (90 км, Тәжікстан), Шарора (92 км, Тәжікстан), Термез (93 км).[1]

Remove ads

Экономикасы және инфрақұрылымы

Шоршыда құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар орналасқан, тамақ және жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған. Киім фабрикасы, жиһаз фабрикасы, керамзит зауыты, мақта тазалау, ұн комбинаты, мақта мата шығаратын цехтар бар. Ауыл шаруашылығы саласы картоп өсіруге маманданған.[2]

Жалпы білім беретін мектептер, балалар музыка мектептері, екі арнаулы мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-интернаты бар. Тоғыз кәсіптік колледж жұмыс істейді (ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық, медицина, жеңіл өнеркәсіп, тұрмыстық қызмет көрсету, агроөнеркәсіптік кешен, экономика колледждері). Халыққа орталық аудандық кітапхана және оның желісі, қалалық кітапхана, көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана, мәдениет және демалыс саябағы, аудандық орталық аурухана, емхана, дәріхана, басқа да емдеу мекемелері қызмет көрсетеді.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads