Remove ads

Яшма (ағылшынмүйіз тас, шақпақ тас) – кварцтың өте тығыз бітіскен, аса ұсақ түйірлерінен (1 – 3 мк) құралған шөгінді, жанартаутекті - шөгінді тау жынысы.

Thumb
Яшма

Құрамындағы SіO2 мөлшері 97,9%; аз мөлшердегі қоспаларына: гематит, хлорит, слюдалар, кальцит, апатит, родохрозит, родонит, т.б. жатады. Түсі шұбар, қызыл, жасыл, сұр; сынымы бұдырлы, нақышы қабатты, жолақты болып келеді. Яшма негізінен жанартаутекті - шөгінділік, химиялық, биохимиялық жолдармен түзіледі. Су асты жанартауларының атқылауынан шыққан магмалық тау жыныстарынан бөлінген кремнезем (SіO2) едәуір мөлшерде босайды да, Яшманың қалың қабатының қалыптасуына себепші болады. Әдемі түсті Яшмадан безендіру және зергерлік бұйымдар жасалады. Яшманың новокулит (арканзас тасы) аталатын түрі металл бетін өте таза, мінсіз тегістейтін табиғи абразив болып саналады, сондықтан да жоғары бағаланады. Яшма кендері Оралда, Алтайда, Қазақстанда (Ерейментау, Ұлытау, Тектұрмас), бірқатар елдерде (Чехословакия, Италия, Испания, т.б.) табылған.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads