Қордай ауданы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Қордай ауданы
Remove ads

Қордай ауданыЖамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілк бөлік. Алғашында (17.1.1928) Алматы округінің құрамында, кейіннен (14.10.1939) Жамбыл облысына қосылады. Аумағы 8,9 мың км². Орталығы – Қордай ауылы.

Quick facts Әкімшілігі, Облысы ...
Remove ads

Географиясы

Батысында Шу ауданымен, шығысында Алматы облысының Жамбыл ауданымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.

Қордай ауданының жері негізінен таулы. Солтүстік және шығыс бөлігін Шу-Іле таулары алып жатыр (биіктіктері теңіз деңгейінен 1000 м-ден жоғары). Кіндіктас, Жетіжол, т.б. тау жоталары ауданның орталық және оңтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Шу аңғары жазық келген. Аудан жерінде кен байлықтарынан гранит (2,6 млн. м³), әктас пен тақтатас (87,4 млн. т), аглопоритті құм (3,1 млн. м³), флюорит (0,467 млн. т), алтынды кентас (0,305 млн. т), молибден (12,2 мың т) және құрылыс тастары кені (8,05 млн. м³) барланған. Олардың кейбіреулері өндірілуде.

Remove ads

Климаты

Климаты континенттік, қысы-жазы жиі-жиі Қордай желі соғып тұрады. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы –8 – 10 °C, шілдеде 22 – 24 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм, олардың басым бөлігі күз және қыс айларында жауады. Аязсыз мерзімі 150 – 180 күн.

Табиғаты

Thumb
Шу өзені

Аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қақпатас (Қақпақтас), Кіндіктас пен Жетіжолдан бастау алатын бірнеше кішігірім өзендер ағады. Ауданның орталық және оңтүстік-шығысынан Іле өзенінің алабына жататын, жазда құрғап қалатын Жаманты, Иірсу, Өзынсу және т.б. өзендер ағады. Қақпатас, Қарақоңыз өзендері алабында осы өзендердің атымен аталатын бөгендер салынған. Олардағы судың жалпы сыйымдылығы 18,7 млн. м³. Олар аудан шарушылықтарының 4,5 мың гектар жерін суарады және суландырады. Одан басқа аудан аумағында Алтыайғыр, Майбұлақ және Қалғұты тоғандары бар. Шу өзенінен бірнеше каналдар тартылған. Олардың ең ірісі – Георгиевка каналы.

Аудан жерінде қоңыр, шалғынды қоңыр, шалғынды сор, қызыл қоңыр, солтүстігінде (Қопа және Қараой жазығында) сұр, сортаңды сұр топырақ қалыптасқан. Онда жусан, бетеге, боз, сұлыбас, сораң шөптер, қамыс, шырғанақ, тал өседі. Жануарлар дүниесінен таутеке, елік, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, құстардан тау күркетауығы, тырна, бұлдырық, қырғауыл т.б. тіршілік етеді.

Халқы

More information 1989[3], 2009[4] ...

Тұрғыны 143 827 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (49,62%), дүнгендер (33,81%), орыстар (9,93%), әзербайжандар (2,68%), қырғыздар (1,06%), түріктер (0,71%), немістер (0,30%), басқалары (1,90%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 41 елді мекен 19 ауылдық округке біріктірілген:

More information Ауылдық округтері, 2021 2009-ға пайызбен ...
Thumb
Қордай кедені, Қазақстан Қырғызстан шекаралары
More information Ауыл аты, Халық саны (2021) ...
Remove ads

Ауыл шаруашылығы

Аудан шаруашылығы негізінен қант қызылшасын, сүтті-етті мал, қой өсіру, астық өндіруге маманданған. Аудан шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 234,0 мың гектар, оның ішінде жыртылған жері 52,6 мың гектар (13,6 мың гектары суармалы), көп жылдық өсімдіктер 0,508 мың гектар жерді қамтиды. Шабындығы 4,8 мың гектар, жайылымы 180,0 мың гектар. 2001 ж. дәнді дақылдар 70,5 мың гектар жерді, қант қызылшасы 0,1 мың га, майлы дақылдар 4,2 мың гектар, темекі 82 гектар, картоп 1,5 мың гектар, көкөніс 4,0 мың гектар, бақша егісі 1,2 мың гектар жерді қамтыды. Сонымен қатар, 484 гектар жерге жемістік және жүзімдік дақылдар отырғызылған.

Ауданның барлық меншік түрлерінде (2001) 30,4 мың сиыр, 15,2 мың шошқа, 207,6 мың қой мен ешкі, 6,5 мың жылқы, 175,1 мың құс болған. Аудан шаруашылығы өнімдерін өндіретін 10 ассоциация жұмыс істейді.

2001 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша ауданда халыққа түрлі салада қызмет көрсететін 668 шаруа қожалығы, 9 ӨК, 4 АҚ және 9 ЖШС болған.

Ауданда 2001 жылдың басында 730 трактор, 180 комбайн, жем-шөп жинайтын 54 комбайн, қызылша жинайтын 3 комбайн болды. Ауданда 10 ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ассоциациясы болған. Элита тұқымды және тұқым шаруашылықтарынан астық бағытындағы «Достық» өндірістік кооперативі және «Қайнар» акционерлік қоғамы «Стекловидная – 24», «Безостая – 1», «Богарная – 56», «Интенсивная», «Жетісу» сорттарын өндірумен шұғылданды. 2001 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша ауданда 668 шаруа қожалықтары құрылып, олар жоғарыда айтылған көрсеткіштерге жетті. Ал, шаруашылық субъектілерінің ұйымдастыру-құқықтық түрлерінің саны аудан бойынша 1.10. 2001 ж. 690-ға жетті, оның 668-шаруа қожалығы, 9 өндірістік кооперативті. Ауданда 4 акционионерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі 9 серіктестік тіркелген.

Remove ads

Әлеуметтік нысандар

Қордай ауданында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеттің филиалы, Ноғайбай ауыл шаруашылығы колледжі бар. Одан басқа, ауданда мектепке дейінгі 1 балалар мекемесі, жалпы білім беретін 48 мектеп, мәдениет объектілерінен 28 мәдениет үйі, 2 музей, 38 кітапхана, денсаулық сақтау мекемелерінен 4 аудандық аурухана мен емханасы, 14 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлі-акушерлік пункт және 12 фельдшерлі пункт болды. Ауданда әр түрлі 37 діни бірлестік бар. Оның ішінде 32 мешіт, одан басқа православиялық шіркеу, Свидетели Иегова, евангелиялық (баптистер), христиан адвентистерінің «7 күн» деп аталатын бірлестіктері тіркелген.

Remove ads

Аудан экономикасы

Ауданда шағын кәсіпкершілікпен айналысатын мекемелердің 10,5% – өнеркәсіп өнімдері саласында, 13,2% – ауыл шаруашылығында, 30,9% – саудада, 2,6% – көлік және байланыс, 4,6% – құрылыста, 0,6% – қонақүй мен мейрамханаларда, қалған 37,5%-і басқа салаларда қызмет істейді. 1991 ж. қарағанда 2001 жылы өнеркәсіп өсімі 20,9%-тен 91,1%-ке, яғни 4,5 есеге жуық өсіпті. Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 16 шағын кәсіпорын, ауыл шаруашылығында – 20, құрылыста – 7, көлік және байланыс саласында – 4, саудада – 47, қонақүй мен мейрамханада – 1, басқа салаларда 57 шағын мекемелер қызмет көрсетеді.

Қордай өңірі қазақтың халық ақыны, әнші Кенен Әзірбаевтің өмірімен тығыз байланысты. Аудан жерімен республикалық маңызы бар автомагистраль өтеді. Аудан орталығы – Қордай ауданынан Тараз қаласына дейінгі қашықтық 300 км-ді құрайды.

Remove ads

Әкімдері

  1. Уәли Уәлиұлы Құрманғали әкімшілік басшысы 1992–1995, әкім (ақпан 1998 – шілде 2007)
  2. Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаев 2007–2009
  3. Ілияс Әлімұлы Тортаев желтоқсан 2009 – қаңтар 2012
  4. ?
  5. Нұржан Сәбитұлы Календеров 28 шілде 2013 – 31 желтоқсан 2013
  6. Қайрат Әскербекұлы Досаев 17 ақпан 2014 – 2017
  7. Болатбек Байқонысұлы Байтөле 27 наурыз 2017

Ауданнан шыққан тұлғалар

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads