Ұлыбритания консервативті партиясы

ұлыбританиялық саяси партия From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Консервативті және юнионистік партия (ағылш. Conservative and Unionist Party, кейде Торилер делінеді, ағылш. The Tories[7]) — ұлыбританиялық консервативті,[1] юнионистік[2] және оңшыл центристік[3][4][5] саяси партия. 2019 жылғы парламент сайлауында жеңіске жеткен бұл партия 2010 жылдан бері билікте. Партия түрлі идеологиялық фракцияларды қамтиды, соның ішінде тэтчершілер және дәстүрлі консерваторлар да бар.

Quick facts Басшысы, Негізін салушы ...

Консервативті партия 1834 жылы Тори партиясынан құрылды және Либералды партиямен бірге XIX ғасырдағы екі басым саяси партияның бірі болды. Бенджамин Дизраэлидің тұсында ол Британ империясының шыңында саясатта маңызды рөл атқарды. 1912 жылы Либералды юнионистік партия партиямен бірігіп, Консервативті және юнионистік партияны құрады. 1920 жылдардан бастап Лейбористік партиясы консерваторлардың басты бәсекелесі болды және консерваторлар-лейбористер саяси бәсекелестігі өткен ғасырдағы қазіргі британ саясатын қалыптастырды.

2024 жылғы сайлаудағы консерватистердің жеңілісінен олар Ресми оппозицияға айналды да, содан бері партияның басшысы бірден Оппозиция көшбасшысы да болады. Екі лауазымның қазіргі иесі — Кеми Баденок.

Remove ads

Идеологиясы

Партия 1980 жылдардан бастап еркін нарықтарды қолдайтын либералды экономикалық саясатты, соның ішінде реттеуді жоюды, жекешелендіруді және нарықтандыруды қабылдады, дегенмен ол тарихи тұрғыдан протекционизмді жақтады. Бұл партия біріккен Ирландияға, сондай-ақ Шотландия мен Уэльстің тәуелсіздігіне қарсы тұратын және тарихы бойы Британ империясын қолдайтын. Партия мүшелерінің Еуропа одағына түр-түрлі көзқарасы бар, көпшілігі еуроскептикалық болса, фракция арасында еуропашыл мүшелер де бар.

Remove ads

Тарихы

1846 жылы Тори саяси партиясы еркін сауда жайлы келіспеушілікке түсті де, оның протекционистік мүшелері партиядан бас тартты. 1859 жылы Роберт Пильді қолдаған пильшілер (ағылш. Peelites) уигтер мен радикалдармен бірігіп, Либералды партияның негізін қаласа, Дерби графы Эдуард Смит-Стэнли мен Бенджамин Дизраэли көшбасшылығындағы қалған торилер Консервативті партияны құрды.

Партияның құрылуына үлкен үлес қосқан Бенджамин Дизраэли еді. 1870—1880 жылдары бастапқыда ақсүйек жер иеленушілерінің мүдделерін орындаған Консервативті партияның құрамына бұрын либерал болған отаршыл банк, өндіріс иелері кіретін болды. Сонымен Консервативті партия біртіндеп ағылшын монополиясының мүдделерін орындайтын басты партияға айналды.

Партия идеологиясының көбін Джозеф Чемберлен жасаған. Империялық кеден одағын құрып және протекционизмге жол беріп ол ағылшын монополиясын Британ иегілінде болған өзге өлкелерге де таратты және басқа мемлекеттерге, соның ішінде Германияға қарсы бәсекеге түсті. Роберт Солсбери мен Артур Бальфур басшылығында болған консерваторлар 1885—1886, 1886—1892, 1895—1902, 1902—1905 жылдары билікте болған.

Либерал мен лейбористермен біріккен консерваторлар 1916—1919 және 1919—1922 жылдары да билікте еді (ол жылдары көшбасшысы Эндрю Бонар Лоу болған). Екі дүниежүзілік соғыс аралығында партия бүкіл уақыт бойы дерлік билікте еді.

1945 жылғы жалпы сайлауда көрген жеңілістен кейін Консервативті партияның өз құрылымын өзгертуге тура келді. Партия қайта құрылғандай болады, негізгі сайлаушылар шеңберін кеңейтті, әлеуметтік саясат бойынша кең бағдарлама ұйымдастырды. 1951—1964 жылдар аралығында партия тоқтаусыз билікте отырған, 1970 жылы қайта жеңіске жетті.

1972 жылы партия мүшелерінің саны 3 миллионға жетті. Біраз өкілеттікке ие болған партия көшбасшысы еді, партияның жалпы сайлауда жеңіске жеткенінде ол премьер-министр лауазымына тағайындалады.

1979 жылғы жалпы сайлау нәтижесінде партия қайта жеңіске жетуі және Маргарет Тэтчердің премьер-министр лауазымына орналасуы партия тарихындағы сәтті дәуірге әкеп соқты.

Билікке келген Тэтчер өзінің кәсіподақтарға қарсы күресін және елдегі жалпылама жекешелендіру саясатын бастады. Ереуілге шыққан кеншілер мен көп келіспеушілікке түскен халық Тэтчер премьерлігінің символы болды.

1987 жылғы жалпы сайлаудан кейін орын алған партия арасындағы келіспеушіліктер нәтижесінде Тэтчер көшбасшы лауазымынан отставкаға кетуге мәжбүр болды да, Джон Мейджор партияны және үкіметті басқарып кетті.

Мейджордың басшылығы кезінде Ұлыбританияның Еуропадағы рөлі жайлы партия мүшелерінің арасында тағы келіспеушілік болды. 1992 жылғы сайлауда консерваторлар билікте қала алса да, оларды қолдайтындар саны күрт азая бастады. Түрлі санақтар бойынша 1990 жылдардың басында партияның 1 миллион мүшесі болса, онжылдықтың соңына қарай бұл сан 250—400 мыңға түсіп кетті.[8]

1997 жылғы сайлауда консерваторлар ірі жеңіліске жетті, лейбористер 418 мандатқа қол жеткізде, торилер 165 мандат алды.

Тори қарсыластарының ең жетістіктісі болған Тони Блэрдің премьерлігі кезінде партия түрлі өзгеріс көрді. Біреулер партия ұстамды социал-либерализмге көшті десе, торилердің өздері бұл тұжырымды жоққа шығарған. Партия әкімшілігіне жас саясаткерлер тағайындалатын болды.

2008 жылғы жергілікті сайлауларда торилер лейбористерге қарсы ірі жеңіске жетті және консерватор (Борис Джонсон) тұңғыш рет Лондон мэрі болды.

2010 жылғы 6 мамырда өткен жалпы сайлауда консерваторлар 306 орынға ие болды, бұл бір партиялық үкімет құру үшін жеткіліксіз болды. Сондықтан 12 мамырда үкіметтік коалиция құрылды, оның құрамына екі партия: консерваторлар мен либералды демократтар кірді. Премьер-министр болып Дэвид Кэмерон тағайындалды.

Дэвид Кэмерон Ұлыбританияның ЕО мүшелігіне референдум өткізуге шақырды. Референдум алдындағы пікірталастар кезінде ол Ұлыбританияның ЕО құрамында қалуын жақтады. 2016 жылғы 23 маусымда бұл референдум өтті. Ұлыбританияның Еуроодақ құрамына кіруі туралы референдумның қорытындысы бойынша корольдіктің Еуроодақтан шығуын жақтаушылар жеңіске жетті. Нәтижелердің жариял болғанынан кейін премьер-министр Дэвид Кэмерон халық алдында сөйлеп, отставкаға кететінін жариялады.

Қазіргі Консервативті партия бұрынғыға қарағанда гей, лесбиян және бисексуал құқықтарына айтарлықтай оң көзқараспен қарайды, бірақ трансгендерлердің құқықтарына өте теріс көзқараста.[9]

Remove ads

Консервативті премьер-министрлер тізімі

More information №, Суреті ...

Сайлаулардағы нәтижелері

Төменгі кестеде Консервативті партияның 1835 жылдан бергі әр жалпы сайлаудағы қол жеткізген нәтижесі көрсетілген.

More information Сайлауы, Көшбасшысы ...
Қосымша ақпарат
  1. 21 жастан үлкен ерлер және 30 жастан үлкен әйелдердің көбіне сайлау құқығы берген 1918 жылғы Халық өкілдігі актісінің қабылдануынан кейін орын алған тұңғыш сайлау.
  2. 21 жастан үлкен барлық әйелдерге сайлау құқығын берген 1928 жылғы Халық өкілдігі актісінің қабылдануынан кейін орын алған тұңғыш сайлау.
  3. 18 жастан үлкен азаматтарға сайлау құқығын берген 1969 жылғы Халық өкілдігі актісінің қабылдануынан кейін орын алған тұңғыш сайлау.
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads