2-дәрежелі командарм

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

2-дәрежелі командарм (орыс. Командарм 2-го ранга) — ЖШҚӘ құрамындағы жоғарғы қолбасшы мен басқарушы құрамның жеке әскери атағы.

Quick facts Қысқартылуы, Мемлекеті ...

Әскери атақтың (Ә/А) атауы әскери лауазым атауының «армия қолбасшысы» қысқартылуынан дәреже қосу арқылы қалыптасты. Ә/А комкор шенінен жоғары және 1-дәрежелі командармнан төмен болды.

Remove ads

Тарихы

КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1935 жылғы 22 қыркүйектегі «ЖШҚӘ басшылық құрамы үшін жеке әскери атақтарды енгізу туралы» қаулысымен енгізілген.

Іс жүзінде КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 07.05.1940 жылғы «Қызыл Әскердің жоғарғы қолбасшылық құрамның әскери атақтарын белгілеу туралы» Жарлығымен генералдық шендердің енгізілуімен және кейіннен КСРО ХКК 04.06.1940 жылғы қаулысымен 2-дәрежелі командарм атағын алған барлық қолбасшыларға генералдық атақтардың берілуімен жойылды.

More information ҚК түрі, Әскер түрі (қызмет), Басқарма органы, Сәйкес атақ/лауазым ...
Remove ads

Айырым белгісі

Ә/А айырым белгісі — ілгектердегі төрт ромб және жеңдердегі төрт итарқа (шеврон) және т.б.

Remove ads

Берілуі

Бұл әскери атақ 1935 жылы енгізілгенде 10 әскери қолбасшы мен басшыға берілді. Үш жылдан соң олардың барлығы ату жазасына кесілді.

1930-жылдардың аяғында ЖШҚӘ құрамалары санының өсуіне байланысты 2-дәрежелі командармдардың саны да өсті (1940 жылдың маусымында 21 адам). 1940 жылы генералдық шендер енгізілген кезде 2-дәрежелі командармдардың көпшілігі (12 адам) генерал-лейтенант шенін, ал кейбіреулері одан да жоғары шен алды (7 – генерал-полковник және 2 – армия генералы).

1935

КСРО ОАК мен КСРО ХКК 20.11.1935 жылғы «ЖШҚӘ жоғарғы қолбасшылық және басшылық құрамның тұлғаларын әскери атақтарға бекіту туралы» қаулысымен мыналар әскери атақпен бекітілді:

  1. Алкснис Яков Иванович (1897—1938) — ЖШҚӘ әскери-әуе күштері басқармасы басшысы, 29.07.1938 ату жазасына кесілді.
  2. Вацетис Иоаким Иоакимович (1873—1938) — КСРО қорғаныс халық комиссарының қарамағында, расстрелян 28.07.1938.
  3. Дубовой Иван Наумович (1896—1938) — Харьков әскери округіндегі әскер қолбасшысы, 29.07.1938 ату жазасына кесілді.
  4. Дыбенко Павел Ефимович (1889—1938) — Еділ әскери округіндегі әскер қолбасшысы, 29.07.1938 ату жазасына кесілді.
  5. Каширин Николай Дмитриевич (1888—1938) — Солтүстік Кавказ әскери округіндегі әскер қолбасшысы, расстрелян 14.06.1938.
  6. Корк Август Иванович (1887—1937) — М. В. Фрунзе атындағы ЖШҚӘ әскери академиясының басшысы, 12.06.1937 ату жазасына кесілді.
  7. Левандовский Михаил Карлович (1890—1938) — Күнгей Кавказ әскери округіндегі әскер қолбасшысы, 29.07.1938 ату жазасына кесілді.
  8. Седякин Александр Игнатьевич (1893—1938) — ЖШҚӘ Бас штабы басшысының орынбасары, 29.07.1938 ату жазасына кесілді.
  9. Федько Иван Федорович (1897—1939) — Арнайы Қызыл Тулы Қиыр Шығыс армиясының Теңіз тобы әскерінің қолбасшысы, 1-дәрежелі командарм атағына дейін көтерілді, 26.02.1939 ату жазасына кесілді.
  10. Халепский Иннокентий Андреевич (1893—1938) — ЖШҚӘ Автоқұрышты танк басқармасы басшысы, 29.07.1938 ату жазасына кесілді.
Remove ads

1937

  1. Великанов Михаил Дмитриевич (1893—1938) — 14.06.1937 жылы атақ берілді, 29.07.1938 ату жазасына кесілді
  2. Кулик Григорий Иванович (1890—1950) — 14.06.1937 жылы атақ берілді, 1-дәрежелі командарм атағына дейін көтерілді, кейін Кеңес Одағы маршалы атанды, сосын атағы төмендетілді, 24.08.1950 ату жазасына кесілді
  3. Тимошенко Семен Константинович (1895—1970) — 28.07.1937 жылы атақ берілді, 1-дәрежелі командарм атағына дейін көтерілді, кейін Кеңес Одағы маршалы атанды
Remove ads

1938

  1. Локтионов Александр Дмитриевич (1893—1941) — 22.02.1938 жылы атақ берілді, генерал-полковник болып қайта куәландырылды, 28.10.1941 ату жазасына кесілді

1939

  1. Апанасенко Иосиф Родионович (1890—1943) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, генерал-полковник болып қайта куәландырылды, армия генералы атағына дейін көтерілді, майданда қаза тапты
  2. Городовиков Ока Иванович (1879—1960) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, генерал-полковник болып қайта куәландырылды
  3. Качалов Владимир Яковлевич (1893—1941) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып қайта куәландырылды, майданда қаза тапты, қайтыс болған соң мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылды, отбасысы қуғын-сүргінге ұшырады, 1953 жылы ақталды
  4. Калинин Степан Андрианович (1890—1975) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып қайта куәландырылды, 1944 жылы тұтқындалды, 1953 жылы босатылып, ақталды
  5. Ковалев Михаил Прокофьевич (1897—1967) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып, сосын генерал-полковник болып қайта куәландырылды
  6. Конев Иван Степанович (1897—1973) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып қайта куәландырылды, сосын Кеңес Одағы маршалы атанды
  7. Мерецков Кирилл Афанасьевич (1897—1968) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, армия генералы болып қайта куәландырылды, сосын Кеңес Одағы маршалы атанды
  8. Тюленев Иван Владимирович (1892—1978) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, армия генералы болып қайта куәландырылды
  9. Хозин Михаил Семенович (1896—1979) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып, сосын генерал-полковник болып қайта куәландырылды
  10. Штерн Григорий Михайлович (1900—1941) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, генерал-полковник болып қайта куәландырылды, 28.10.1941 ату жазасына кесілді
  11. Яковлев Всеволод Федорович (1895—1974) — 08.02.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып қайта куәландырылды
  12. Болдин Иван Васильевич (1892—1965) — 05.12.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып, сосын генерал-полковник болып қайта куәландырылды
  13. Ефремов Михаил Григорьевич (1891—1942) — 05.12.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып қайта куәландырылды, майданда қаза тапты
  14. Захаркин Иван Григорьевич (1889—1944) — 05.12.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып, сосын генерал-полковник болып қайта куәландырылды, көлік апатынан қайтыс болды
  15. Курдюмов Владимир Николаевич (1895—1970) — 05.12.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып қайта куәландырылды
  16. Смородинов Иван Васильевич (1894—1953) — 05.12.1939 жылы атақ берілді, генерал-лейтенант болып, сосын генерал-полковник болып қайта куәландырылды
Remove ads

1940

  1. Грендаль Владимир Давыдович (1884—1940) — 16.01.1940 жылы атақ берілді, артиллерия генерал-полковнигі болып қайта куәландырылды
  2. Воронов Николай Николаевич (1899—1968) — 22.03.1940 жылы атақ берілді, артиллерия генерал-полковнигі болып, сосын Артиллерия бас маршалы болып қайта куәландырылды
  3. Павлов Дмитрий Григорьевич (1897—1941) — 27.03.1940 жылы атақ берілді, танк әскерлері генерал-полковнигі болып, сосынармия генералы болып қайта куәландырылды, 22.07.1941 ату жазасына кесілді
  4. Смушкевич Яков Владимирович (1900—1941) — 04.04.1940 жылы атақ берілді, авиация генерал-лейтенанты болып қайта куәландырылды, 28.10.1941 ату жазасына кесілді
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads