2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары (орыс. Комиссар государственной безопасности 2-го ранга) — КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы жоғарғы басқарушы құрамның арнаулы атағы. КСРО ОАК мен КСРО ХКК 7.10.1935 ж. қаулысымен енгізілген, КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 6.7.1945 ж. қаулысымен жойылды.

Бұдан кейінгі төменгі шен: 3-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. Келесі жоғарғы атақ: 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары.

2-дәрежелі командарм әскери атағы менен оған теңестірілгендерге (2-дәрежелі флот флагманы, 2-дәрежелі армия комиссары, армәсзаңгер және т.б.) және милиция директорының арнайы атағына сәйкес келді.

Осы арнаулы атаққа ие болған тұлғалардың (20 адам) барлығы дерлік ату жазасына кесілгендер немесе қуған-сүргіннен зардап шеккендер: он үші — Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында, бесеуі — И.В. Сталин дүние салған соң.

Remove ads

2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарларының тізімі

Тегі, аты, әкесінің аты туған
жылы
Атақты
иеленген
уақыты
қайтыс
болған
жылы
Атақ беру кезіндегі лауазымы Кейінгі тағдыры (Генерал-полковник атағын қайта куәландыруды, келесі абзацты қараңыз)
Бельский Лев Николаевич 1889 26 қараша 1935 1941 КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милициясы бас басқармасының басшысы Ату жазасына кесілді
Гай Марк Исаевич 1898 26 қараша 1935 1937 КСРО ІІХК Мемлекеттік қауіпсіздік бас басқармасындағы жеке бөлім басшысы Ату жазасына кесілді
Гоглидзе Сергей Арсентьевич 1901 26 қараша 1935 1953 Грузин КСР ішкі істер халық комиссары, генерал-полковник шеніне дейін көтерілді. Генерал-полковник шеніне дейін көтерілді. Ату жазасына кесілді (И. В. Сталин қайтыс болған соң)
Залин Лев Борисович 1897 26 қараша 1935 1940 Қазақ КСР ішкі істер халық комиссары Ату жазасына кесілді
Кацнельсон Зиновий Борисович 1892 26 қараша 1935 1938 Украин КСР ішкі істер халық комиссарының орынбасары Ату жазасына кесілді
Карлсон Карл Мартынович 1888 26 қараша 1935 1938 Харьков облысы бойынша ІІХК басқармасының басшысы Ату жазасына кесілді
Леплевский Израиль Моисеевич 1896 26 қараша 1935 1938 Беларус КСР ішкі істер халық комиссары Ату жазасына кесілді
Миронов Лев Григорьевич 1895 26 қараша 1935 1938 КСРО ІІХК мемлекеттік қауіпсіздік бас басқармасындағы экономиялық бөлімнің басшысы Ату жазасына кесілді
Молчанов Георгий Андреевич 1897 26 қараша 1935 1937 КСРО ІІХК мемлекеттік қауіпсіздік бас басқармасындағы саяси-құпия бөлімінің басшысы Ату жазасына кесілді
Паукер Карл Викторович 1893 26 қараша 1935 1937 КСРО ІІХК мемлекеттік қауіпсіздік бас басқармасындағы жедел бөлімінің басшысы Ату жазасына кесілді
Пилляр Роман Александрович 1894 26 қараша 1935 1937 Сарытау облысы бойынша ІІХК басқармасының басшысы Ату жазасына кесілді
Слуцкий Абрам Аронович 1898 26 қараша 1935 1938 КСРО ІІХК мемлекеттік қауіпсіздік бас басқармасындағы шетел бөлімінің басшысы Уланған. Қайтыс болғаннан кейін «халық жауы» деп жарияланды.
Шанин Александр Михайлович 1894 26 қараша 1935 1937 КСРО ІІХК мемлекеттік қауіпсіздік бас басқармасындағы техникалық бөлімінің басшысы Ату жазасына кесілді
Павлов Карп Александрович 1895 2 ақпан 1939 1957 КСРО ІІХК Қиыр Солтүстіктегі құрылыс бас басқармасының басшысы Генерал-полковник шеніне дейін көтерілді. Өзін-өзі атты.
Абакумов Виктор Семенович 1908 4 ақпан 1943 1954 КСРО ІІХК жеке бөлімдер басқармасының басшысы Генерал-полковник шеніне дейін көтерілді. Ату жазасына кесілді
Кобулов Богдан Захарович 1904 4 ақпан 1943 1953 КСРО ішкі істер халық комиссарының орынбасары Генерал-полковник шеніне дейін көтерілді. Ату жазасына кесілді
Круглов Сергей Никифорович 1907 4 ақпан 1943 1977 КСРО ішкі істер халық комиссарының орынбасары Генерал-полковник шеніне дейін көтерілді. Кейін генералдың зейнетақысынан айырылды
Серов Иван Александрович 1905 4 ақпан 1943 1990 КСРО ішкі істер халық комиссарының орынбасары Генерал-полковник, содан соң армия генералы шеніне дейін көтерілді. 1963 жылы генерал-майор шеніне төмендетілді.
Чернышев Василий Васильевич 1896 21 ақпан 1943 1952 КСРО ішкі істер халық комиссарының орынбасары Генерал-полковник шеніне дейін көтерілді.

1945 жылы 6 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының «КСРО ішкі істер халық комиссариаты мен мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты қолбасшылық құрамының шендері, киім түрі және айырым белгілері туралы» жарлығымен МҚХК және ІІХК басқарушы құрамының арнайы атақтары жалпыәскерлік әскери атақтарымен ауыстырылды. Осыған байланысты қайта куәландыру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша КСРО ХКК 07.09.1945 жылғы № 1663 қаулысымен генерал-полковник әскери атағы келесі 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарларына берілді:

  1. Абакумов Виктор Семенович — КСРО ҚХК СМЕРШ қарсы барлау бас басқармасының басшысына;
  2. Гоглидзе Сергей Арсеньевич — Хабаровск өлкесі бойынша МҚХКБ басшысына және Қиыр Шығыс бойынша МҚХК уәкілетті өкіліне;
  3. Кобулов Богдан Захарович — КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссарының 1-орынбасарына;
  4. Круглов Сергей Никифорович — КСРО ішкі істер халық комиссарының 1-орынбасары;
  5. Павлов Карп Александрович — КСРО ІІХК тас жолдары бас басқармасының басшысына;
  6. Серов Иван Александрович — КСРО ішкі істер халық комиссарының орынбасары, ГКӘТ бойынша КСРО ІІХК уәкілеті және ГКӘӘ бас қолбасшысының азаматтық әкімшілік істері жөніндегі орынбасары.;
  7. Чернышев Василий Васильевич — КСРО ішкі істер халық комиссарының орынбасары.

Кейіннен КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдарының жетекші қызметкерлеріне 1954 жылға дейін генералдық атақтар берілмеді.

Remove ads

Айырым белгілері

Негізгі мақалада ІІХК шендері мен айырым белгілерін реттейтін ережелер мен қаулылар талқыланады.

  • 1937 жылдан бастап 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарының айырым белгісі — жеңдегі төрт алтын жұлдыз тігісі — олардың біреуі төменде орналасты. Айырым белгілері екі жеңге де тағылған.
  • Бекітілген үлгідегі жеңнің арнайы белгісі сол жақ жеңге киеді.
  • Бойлық алтын ширатылған жолақтары бар қалақай түсті ілгектер.
  • 1936 жылы 30 сәуірде ІІХК бұйрығымен қызметкерлердің жеңдік айырым белгілері ілгектерге де көшірілді.
  • 1937 жылы МҚББ куәландырылған қызметкерлеріне армиядағыға ұқсас ілгектер енгізілді: 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарлары үшін жұлдыздар төрт «ромбымен» ауыстырылды (2-дәрежелі армия комиссарларындағыдай).
  • 1943 жылы наурызда мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері үшін иық белгілері енгізілді. 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарының айырым белгісі генерал-полковниктің иық белгілеріне ұқсас генералдық үлгідегі 3 жұлдызды иық белгілеріне айналды.
Remove ads

Сілтеме

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads