Араб жазуы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Араб жазуы (араб.: أَبْجَدِيَّة عَرَبِيَّة; əбджәдийə 'арабия) — ежелгі Вавилониядағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады.
Араб жазуы | |
Түрі: |
консонантты |
---|---|
Тілдері: | |
Шекара: | |
Кезең: |
V ғасырдан бастап |
Статусы: |
қолданылыста |
Жазу бағыты: |
солдан оңға |
Белгілері: |
28 |
Шығу тегі: |
Ханааней жазуы
|
Юникод диапазоны: |
U+0600 — U+06FF |
ISO 15924: |
Arab (#160) |
| |
Жазу жүйесі | |
Араб жазуында 28 әріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін.
Құснихат үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т.б. түрлері пайдаланылады.
Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Кавказ елдері және Орта Азия, т. б.) қолданылады.[1]