Владимир Яковлевич Бобров
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Владимир Яковлевич Бобров (14 тамыз 1953, Свердловск облысы, РКФСР) — қазақстандық кәсіпкер, шенеунік, заңгер. 2012—2016 жылдары Парламент Сенатының депутаты.
Remove ads
Өмірбаяны
Анасы - Боброва Антонина Ивановна, зейнеткер.
Павлодар индустриалдық институтының энергетика факультетін бітірген (1975), инженер-электрик.
Техника ғылымдарының кандидаты (1985). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Апюминий тотығы өндірісінде электрді тұтыну режимдерін оңтайландыру». Доцент (1987). 2 кітаптың тең авторы, 46 мақала мен жарияланымның авторы.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан).
1975 жылдан - Павлодар индустриалдық институтының ассистенті , аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі . 1988 жылдан - «ОртаАзЭнергомонтаж» тресінің бас инженері, меңгерушісінің орынбасары. 1993 жылдан - «Қазэнергокабель» А бас директоры.
2004 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші, 4-ші шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары.
Remove ads
Марапаттары мен атақтары
«Құрмет» орденімен (2004); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
Әскери атағы - запастағы капитан.
Жеке өмірі
Үйленген. Жұбайы - Боброва Людмила Михайловна, «Қазэнергокабель» АҚ-да жұмыс істейді. Ұлы - Михаил (1985 жылы туған); қызы - Мария (1988 жылы туған).[1]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads






