Гольмий

атомдық нөмірі 67 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia

Гольмий
Remove ads

Гольмий (лат. Holmium; Но) — элементтердің периодтық жүйесіндегі хим. элемент; лантаноидтарға жатады, ат. м. 164,93, ат. н. 67, балқу t 1470 °С, қайнау t 2707 °С, күмістей ақ түсті, менш. салм. 8,8 г/см³.

Quick Facts Жай заттың сыртқы бейнесі, Атом қасиеті ...
Thumb
Гольмий Но

Гольмийді швед химигі П.Т. Клеве 1879 ж. ашып, оны Швеция астанасы Стокгольмнің (Holmіum) атымен атаған. Таза күйіндегі Гольмийді 1958 ж. неміс ғалымы В.Ноддак алған. Гольмий иттрий, диспрозий, эрбий сияқты элементтермен бірге иттрий минералдары құрамында кездеседі.

Гольмийді бұл металдардан ажыратып алу үшін олардың тұздарын ерітіп оны кристалдандырады, бұл процесс көп рет қайталанады. Гольмий үш валентті түрлі қосылыстар түзеді, қосылыстары парамагнитті. Оның радиоактивті изотопы (¹⁶⁶Но) аналит. химияда радиоактивті индикатор ретінде, өнеркәсіпте арнайы шыны жасау үшін, т.б. қолданылады. [1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads