Йод
Атомдық нөмірі 53 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Йод (латын. Iodum; I) — элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Галогендер тобына жатады, ат. м. 126,9; ат. н. 53; тығыздығы 4,93 г/см³; балқу t 113,6 °С; қайнау t 184,35 °С.

Remove ads
Тарихы
Йодты 1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан.
Қасиеттері
Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (¹²⁷I), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутарит, дитцент минералдарында, мұхит суы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спирт, эфир, күкірткөміртек, хлороформ) жақсы ериді.
Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Йод мұнайдағы ілеспе судан хлормен, натрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді.
Remove ads
Биологиялық рөлі
Йод адам және басқа тірі организмдер үшін маңызды микроэлемент болып саналады. Ал кейбір суда өмір сүретін балдырлар ішінде көп йод сақтайды. Қалыпты ересек адам үшін йодтың керек күндік дозасы шамамен 0,15 мг болып саналады.
Қолданылуы
- Йод және оның қосылыстары медицинада теріні дезинфекциялау үшін қолданылады;
- металл өндіруде (титан, циркон, гафний);
- фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда;
- органикалық синтезде қолданылады;
- Йодтың кейбір радиоактивтік изотоптары медицинада қалқанша безінің ауруларын емдеуде қолданылады;
Адам организмінде Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына, бұғақ ауруына шалдықтырады.
Қауыптілігі
Йод жәй түрінде у болып саналады.Йодтың жартылай өлетін дозасы - 3 грамм. Егер адам иодпен тыныс алса бас ауруы, жөтелуі, тағыда өкпе ісінуі болуы мүмкін. Ал егер йод адам организмінің ішіне кірсе, одна синдромдар одан әрі қаттырақ болуы мүмкін, егер сол кезде адамды емдемесе, онда адам өлуі мүмкін.
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — химия бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Remove ads
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads