Тантал
Атомдық нөмірі 73 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Тантал (лат. Tantalum; Та) — элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат. н. 73, ат. м. 180,948. Ауыр, қиын балқитын, көкшіл ашық сұр металл. Тығызд. 16,6 г/см³, балқу t 2014 °С, қайнау t 5500 °С. Табиғатта ниобиймен (Nb) бірге кездеседі.

Remove ads
Тарихы
Танталды 1802 жылы швед химигі А.Г.Экеберг Финляндия мен Швецияда табылған екі минералдан ашты. Алайда оны таза күйінде оқшаулау мүмкін болмады. Бұл элементті алудың қиындығына байланысты ежелгі грек мифологиясының кейіпкері Танталдың атымен аталған.
Кейіннен тантал мен «колумбий» (ниобий) бірдей деп саналды. Тек 1844 жылы неміс химигі Генрих Роуз колумбит-танталит минералының құрамында екі түрлі элемент – ниобий мен тантал бар екенін дәлелдеді.
Пластикалық металдық танталды алғаш рет 1903 жылы неміс ғалымы В.Болтон алды.
Танталдың алғашқы өнеркәсіптік басы 1922 жылы алынды, ал ол сіріңке басынан аспады. Содан кейін элемент ағымдағы түзеткіштер мен радио түтіктерде қолданыла бастады. Танталдың белсенді өндірісі Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында басталды.
Remove ads
Табиғатта кездесуі
Тантал жер қыртысында өте сирек кездесетін металл, шамамен 0,0002%.Танталдың кен орындары жердің әртүрлі орындарында кездеседі, көбінесе Францияда, Мысырда, Тайландта, Қытайда.
Физикалық қасиеттер
Танталда балқу температурасы үлкен болады, тағыда тантал өте қатты металл болып саналады.
Танталда 155-ден 190-ға дейін изотоптары болады.Бірақ табиғатта 181-тантал және 181m-тантал кездеседі.
Қолданылуы
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads