Вольфрам
Атомдық нөмірі 74 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Вольфрам (лат. Wolframium; W) — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент; атомдық нөмірі 74, атомдық массасы 183,85. Вольфрам (латынша Wolframіum) табиғатта аз тараған, жер қыртысының 1•10-4 %-ын құрайды.

Бос күйінде кездеспейді, оның минералдары – вольфраматтар, аздап оксидтер және сульфидтер күйінде кездеседі. Вольфрамды 1781 жылы швед химигі Карл Шееле тапқан, 1783 жылы ағайынды д’Элуяр вольфрам ангидридін көміртекпен тотықсыздандыру арқылы алғаш рет металл вольфрам алған. Вольфрам ашық сұр түсті, баяу балқитын металл.
Оның ең көп тараған минералдары – вольфрамит (Fe, Mn) [WО4] және шеелит CaWО4. Вольфрамның балқу температурасы 3410 °C, қайнау температурасы 5900 °С. Вольфрам араласқан құймалардың механикалық қасиеті молибденге жақын. Қалыпты жағдайда ол химиялық тұрақты, ауада қыздырғанда тотығып, вольфрам ангидридіне айналады. Вольфрам және оның қосылыстарын алу үшін вольфрамиттер мен шеелиттерді (олардағы WО3 2%-дан аспайды) байытып, концентраттарын пайдаланады.
Концентраттардан химиялық жолмен таза вольфрам қышқылдары мен оның тұздары алынады. Оларды тотықсыздандырғанда ұнтақ металл бөлінеді. Вольфрам электр шамының қылы, электр пештерінде қыздырғыштар, рентген түтіктерде, катодтар, тағыда басқа электрлік құралдарда электродтар ретінде қолданылады.
Remove ads
Табиғатта кездесуі
Вольфрам табиғатта негізінен темір және марганец немесе кальций оксидтері бар WO3 вольфрамның үш тотығымен, ал кейде қорғасын, мыс, торий және сирек жер элементтері бар тотыққан күрделі қосылыстар түрінде кездеседі. Вольфрамит (вольфрамат темір және марганец nFeWO4·mMnWO4 — тиісінше, ферберит және гюбнерит) және шеелит (кальций CaWO4 вольфраматы) өнеркәсіптік маңызы бар. Вольфрам минералдары әдетте гранитті жыныстарға қапталған, сондықтан вольфрамның орташа концентрациясы 1-2% құрайды.
Remove ads
Вольфрам қорытпалары
Вольфрамға легирлеуші элементтерді (молибден, рений, мыс, никель және т. б.) қосу нәтижесінде алынған қорытпа. Вольфрам қорытпалары ұнтақты металлургияда немесе компоненттерді арнаулы пештерде қорыту әдісімен өндіреді.[2].
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads