Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасы

КСРО құрамында болған одақтық республика From Wikipedia, the free encyclopedia

Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасы
Remove ads

Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасы (Тәжік КСР; тәж. Республикаи Советии Социалистии Тоҷикистон) — 1929–1991 жылдар аралығында қазіргі Тәжікстан аумағында болған КСРО құрамындағы одақтас республика.

Quick facts
Remove ads

Тарихы

1924 жылы 14 қазанда Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеп бөлудің нәтижесінде Өзбек КСР- құрамындағы Тәжік Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Тәжік АКСР) ретінде құрылды.

КСРО Кеңестерінің III кезектен тыс съезі 1929 жылы 16 қазанда құрамына Таулы Бадахшан, Гарм, Гиссар, Күләб, Қорғантөбе, Пенжакент автономиялы облыстары, Ұлытөбе округі сондай-ақ Өзбек КСР берілген Хожанд округі кірген Тәжік АСКР Тәжік КСР айналдыру туралы Декларацияны мақұлдады. Тәжік КСР КСРО құрамындағы жетінші одақтас республика атанды. Тәжік КСР аумағы 142,5 мың км, халқы 1 млн 150 мың адам, халықтың 72% тәжіктер болды[2]. 1950-1960 жылдары Өзбек КСР-інен қазіргі Матчин және Зафарабад аудандары берілді.

1929 жылғы 5 желтоқсаннан бастап — тікелей Кеңес Одағының құрамындағы республика[3]. Республиканың орыс тіліндегі ресми атауы өзгерген жоқ, дегенмен әр уақытта тәжік тілінде бірдей ұғымдар аттарының әр түрлі нұсқалары басым болды: орыс. «кеңес» — парс. «шура», еуропа. «республика» - араб. «джумхурия». Осыған байланысты республика 1929-1938 жж. тәж. Джумхурии Советии Сосиалистии Тоджикистон, 1938-1989 жж. — тәж. Республикаи Советии Социалистии Тоҷикистон, ал 1989 жылдан бастап — тәж. Ҷумҳурии Шӯравии Сосиалистии Тоҷикистон деп аталды.

1991 жылы 31 тамызда Тәжік КСР Жоғарғы Кеңесі республиканы Тәжікстан Республикасы[4] - тәж. Ҷумҳурии Тоҷикистон деп өзгертті, бұл КСРО Конституциясының 71-бабына сәйкес келмейді.

1991 жылы 9 қыркүйекте Тәжікстан Жоғарғы Кеңесі республиканы тәуелсіз мемлекет деп жариялады[5][6].

Тәжікстан Республикасы (Тәжік КСР) 1991 жылы 26 желтоқсанда КСРО құлдырауына дейін «одақтас республиканың КСРО құрамынан шығуына байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» 1990 жылғы 3 сәуірдегі КСРО Заңында көзделген процедуралар орындалмағандықтан ресми түрде КСРО-ның құрамында болды.

Remove ads

Басшылығы

Құрылған сәттен бастап тәуелсіздігін жариялағанға дейінгі жоғарғы басшылықты КОКП құрамында Тәжікстан Компартиясы жүзеге асырды. Коммунистік партияның жоғарғы органы - Орталық Комитет (ОК), ал Тәжікстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы республиканың іс жүзіндегі жетекшісі болды:

Тәжікстан КП ОК бірінші хатшысы
  • Мырзадәуіт Бағырұлы Хүсейінов (ақпан 1930 — 23 желтоқсан 1933)
  • Григорий Исаакович Бройдо (1933—1934)
  • Сурен Константинович Шадунц (қаңтар 1934 — қыркүйек 1937)
  • Ұрымбай Ғашурович Ғашуров (сентябрь 1937 — март 1938)
  • Дмитрий Захарович Протопопов (сәуір 1938 — тамыз 1946)
  • Бобожан Ғафурович Ғафуров (16 тамыз 1946 — 24 мамыр 1956)
  • Тұрсынбай Ұлжабаевич Ұлжабаев (24 мамыр 1956 — 12 сәуір 1961)
  • Жаббор Расулович Расулов (12 сәуір 1961 — 4 сәуір 1982)
  • Рахмон Нәбиұлы Нәбиев (20 сәуір 1982 — 14 желтоқсан 1985)
  • Қаһһор Маһкамұлы Маһкамов (14 желтоқсан 1985 — 31 тамыз 1991)

Қайта құру кезінде басшылықтың партиялық құрылымдардан парламенттік құрылымдарға біртіндеп ауысуы мақсатында Коммунистік партия Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Кахар Махкамов Тәжік КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды, содан кейін жаңадан құрылған Тәжік КСР Президентінің лауазымын иеленді. Осылайша, ол Тәжік КСР-нің жетекшісі болды:

  • 14 желтоқсан 1985 — 12 сәуір 1990 Тәжікстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы ретінде;
  • 12 сәуір 1990 — 30 қараша 1990 Тәжікстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы - Тәжік КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы ретінде;
  • 30 қараша 1990 — 31 тамыз 1991 Тәжікстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы - Тәжік КСР Президенті ретінде.

Тәжік КСР-нің жоғарғы заң шығарушы органы бірпалаталы Жоғарғы Кеңес болды, оның депутаттары Тәжікстан Компартиясының басшылығымен міндетті түрде мақұлданғаннан кейін 4 жыл (1979 жылдан бастап - 5 жылға) сайыссыз сайланды. Жоғарғы Кеңес тұрақты жұмыс істейтін орган болған жоқ, оның депутаттары жылына 2-3 рет бірнеше күнге созылатын сессияларда жиналатын. Күнделікті әкімшілік жұмыс жүргізу үшін Жоғарғы Кеңес тұрақты түрде Президиум сайлады, ол республиканың ұжымдық басшысы ретінде қызмет етті.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads