From Wikipedia, the free encyclopedia
2024 жылғы 15–17 наурызда Ресейде президенттік сайлау өтті.[1] Бұл — елде өткен сегізінші сайлау және 18 наурызда жарияланған Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше оның нәтижесінде Владимир Путин жалпы дауыстың 87% астамын жинап, жеңіс жетіп, бесінші рет сайланды.[2] Путиннің инаугурациясы 7 мамыр күні жоспарланған.[3]
| ||||||||||||||
2024 жылғы Ресейдің президенттік сайлауы | ||||||||||||||
15–17 наурыз 2024 жыл | ||||||||||||||
Сайлау түрі | Президенттік сайлау | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кандидаттар | 4 | |||||||||||||
Сайлау органы және нәтижелер | ||||||||||||||
Тіркелгендер | 113 011 059 | |||||||||||||
Сайлаушылар саны | 87 576 075 | |||||||||||||
77,44 % ▲ +9,9 | ||||||||||||||
Жарамды дауыстар саны | 86 204 291 | |||||||||||||
Бос және жарамсыз дауыстар | 1 371 784 | |||||||||||||
Владимир Путин – Өзін-өзі ұсынушы | ||||||||||||||
Тізім
| ||||||||||||||
Дауыс | 76 277 708 | |||||||||||||
87,28 % | ||||||||||||||
Николай Харитонов – РФКП | ||||||||||||||
Дауыс | 3 768 470 | |||||||||||||
4,31 % | ||||||||||||||
Владислав Даванков – «Жаңа адамдар» | ||||||||||||||
Дауыс | 3 362 484 | |||||||||||||
3,85 % | ||||||||||||||
Леонид Слуцкий – РЛДП | ||||||||||||||
Дауыс | 2 795 629 | |||||||||||||
3,20 % | ||||||||||||||
Президенті | ||||||||||||||
Босатушы | Сайланған | |||||||||||||
Владимир Путин Партиясыз |
Владимир Путин Партиясыз | |||||||||||||
өңдеу |
2023 жылғы қарашада соғысқа қарсы пікірлері үшін белгілі Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Борис Надеждин тіркелген саяси партиядан қолдау көріп, осы сайлаудағы өз үміткерлігін жариялаған тұңғыш адам болды.[4] Одан кейін қатысатынын белгілі қылған адам президент Владимир Путин болды. Ол 2020 жылы Конституцияға жасалған түзетулердің көмегімен қайта сайлануын заңды қылған еді.[5][6][7] Путиннен кейін РЛДП басшысы Леонид Слуцкий, Коммунистер өкілі Николай Харитонов, «Жаңа адамдар» мүшесі Владислав Даванков пен басқалар өз үміткерлігін жариялады. 8 ақпанда Надеждинның тіркелуден өте алмағаны белгілі болды.[8]
2018 жылғы президенттік сайлауда болғандай, ресейлік оппозицияның ең көрнекті мүшесі Алексей Навальныйға[9][10][11] «қылмыстық істері» себебінен сайлауға қатысуға тыйым салынған және ол сайлау бойы түрмеде қала береді деген болжам көп.[12][13] Навальныйға қарсы қозғалған қылмыстық істерді көпшілік саяси астары бар деп көрді және соның салдарынан көптеген бақылаушылар, әсіресе Батыс елдеріндегі сарапшылар сайлау әділ өтпейді деп санайды. Навальный 2024 жылғы 16 ақпанда, сайлау басталмай тұрғанда түрмеде қайтыс болды.[14] Сарапшылар сайлау барысында 2022 жылы Украинамен кең ауқымды соғысты бастағаннан бері саяси қуғын-сүргіндерді күшейтіп жүрген президент Путиннің үстемдік етуін болжаған.[15]
Сайлаудың соңғы күнінде ресейлік оппозиция «Путинге қарсы тапа-талтүс» (орыс. Полдень против Путина) наразылық акциясын жариялады.
Ресей Конституциясының 81-бабының 3-тармағы бойынша Ресей президенті қатарынан екі мәрте қайта сайлана алмайды. 2020 жылғы түзетулерден кейін Путинның бұрынғы екі мерзімі саналмай қалды да, оған тағы екі рет қайта сайлануға рұқсат берілді.
Жаңа конституцияға сүйенсек, президентікке үміткерге қойылған шектеулер:
Орталық сайлау комиссиясына үміткер боламын деген мақсатпен құжаттарын тапсырып қойғандар саны бастапқыда 15 адам болса,[16] ресми тіркеліп, бюллетеньде қалғандар арасында тек төртеуі болған:
Аты-жөні, жасы, саяси партиясы |
Лауазымы | Туған өлкесі | Сайлауалды бағдарламасы |
Қосымша ақпарат | Тіркелген күні | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Владислав Даванков (39) «Жаңа адамдар» |
Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары (2021–) Мемлекеттік дума депутаты (2021–) |
Мәскеу | (Ресми сайты) |
Партия конгресі Даванковты 2023 жылғы желтоқсанда ұсынды. Оған қоса оны Өсім партиясы қолдады. Даванков өз құжатын 2023 жылғы 25 желтоқсанда және 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырған еді.[17][18] | 5 қаңтар 2024 | ||
Владимир Путин (71) Өзін-өзі ұсынушы |
Қазіргі Ресей президенті (2000–2008, 2012–) Ресей премьер-министрі (1999–2000, 2008–2012) ФСБ директоры (1998–1999) |
Мәскеу | (Ресми сайты Мұрағатталған 14 наурыздың 2024 жылы.) |
2023 жылғы желтоқсанда сарбаздарды марапаттау рәсімінде Путин сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Оны Біртұтас Ресей, Әділ Ресей — Ақиқат үшін және т.б. партиялар қолдады.
Путин сайлауға қатысу үшін құжаттарды 2023 жылғы 18 желтоқсанда тапсырып, 20 желтоқсанда тіркелген.[19][20] |
29 қаңтар 2024 | ||
Леонид Слуцкий (56) Либералды-демократиялық партия |
Ресейдің Либералды-Демократиялық партиясының басшысы (2022–) Мемлекеттік дума депутаты (1999–) |
Мәскеу | (Ресми сайты Мұрағатталған 11 мамырдың 2024 жылы.) |
РЛДП Слуцкийді 2023 жылғы желтоқсанда партияның съезінде ұсынды. Ол өз құжаттарын 2023 жылғы 25 желтоқсанда және 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырды.[21][22] | 5 қаңтар 2024 | ||
Николай Харитонов (75) Коммунистік партия |
Мемлекеттік дума депутаты (1993–) |
Краснодар өлкесі | (Ресми сайты) |
Харитоновты партиясы 2023 жылғы желтоқсанда съез барысында ұсынды.Ол бұрын 2004 жылғы сайлаудағы үміткерлердің бірі болған еді және жалпы дауыстың 13.7% жинаған. Харитонов өз құжаттарын 2023 жылғы 27 желтоқсанда және 2024 жылғы 3 қаңтарда тапсырған. | 9 қаңтар 2024 |
Желтоқсанның соңына қарай ОСК 33 түрлі кандидат сайлауға қатысады дегенін, және сол үміткердің 15 ғана құжаттарын тапсырғанын жариялады.
Аты-жөні, жасы, саяси партиясы |
Лауазымы | Туған өлкесі | Сайлауалды бағдарламасы | Қосымша ақпарат | Дереккөздер | Жинаған қолтаңба саны | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Сергей Малинкович (48) Ресей коммунистері |
Алтай өлкелік заң шығарушы жиналысының төрағасы (2021–) Ресей коммунистері Орталық комитетінің төрағасы (2022–) |
Алтай өлкесі | — | 2023 жылғы 28 желтоқсанда Малинковичты партиясы үміткер ретінде ұсынды және өз құжаттарын 2024 жылғы 1 қаңтарда тапсырды. 2 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы жинаған қолтаңбасында қате тапқанын жариялады. | [23] | Жинаған қолтаңбасы 104998 / 105000 Қабылданған қолтаңбасы 96019 / 105000 | ||
Борис Надеждин (60) Азаматтық бастамалар |
Долгопрудный қалалық кеңесінің мүшесі (1990–1997, 2019–) Аймақтық жобалар және Заң шығару негізі институтының негіздеушісі және президенті (2001–) Мемлекеттік дума депутаты (1999–2003) |
Мәскеу облысы | (Ресми сайты) |
2023 жылғы 31 қазанда Надеждин Азаматтық бастамалар партиясының атынан президентікке үміткер болатынын мәлімдеді. 26 желтоқсанда ол өз құжаттарын тапсырды да, олар 28 желтоқсанда тіркелген еді. 8 ақпанда ОСК жинаған қолтаңбасының 5% астамында қате тапқанын айтты, | [26][27][28][29] | Жинаған қолтаңбасы 105000 / 105000 Қабылданған қолтаңбасы 95587 / 105000 |
Мерзімінен бұрын дауыс беру 26 ақпанда басталып, 14 наурызға дейін созылды, бұл Ресейдің 37 аймағындағы шалғай аудандарда, сондай-ақ 2022 жылы Украинадан тартып алған өңірлерде белгілі бір тұрғындарға дауыс беруге мүмкіндік берген.[31]
Биліктің студенттер мен жастарға дауыс беруге қысым жасауы туралы хабарлар пайда болды. Пермь өлкесіндегі құрылыс колледжінің студенттеріне кампус ішінде дауыс беруге бұйрық берді де, мектеп әкімшілігі бейнебақылау камералары арқылы сайлаушылардың қатысуын бақылаймыз деді. Тула мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттер дауыс бергенін дәлелдеу үшін бюллетеньдің суретін тапсыру керек болды. Оның ректоры да Путинді ашық түрде қолдады. Воронеж мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттер билікке кімге дауыс беріп жатқаны туралы хабарлауға міндетті екенін айтты.[32]
14 наурыздағы кезекті дауыс берудің бірінші туры қарсаңында Путин азаматтарды оның басшылығын қолдағанын көрсете отыра бірігіп дауыс беруге шақырып, бейне үндеуінде «Біз Ресейдің бостандығын, егемендігі мен қауіпсіздігін қорғай отырып, бірге бола алатынымызды көрсеттік» деп, оларды «дұрыс жолдан адаспауға» шақырды.[33]
Кезекті сайлау күндері Камчатка өлкесінде 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де сайлау учаскелері ашылды және Калининград облысында 17 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылады деп жоспарланған. Сайлау учаскелеріне байқаушыларды жіберуге тек тіркелген кандидаттар мен мемлекет қолдайтын консультативтік-кеңесші органдарға ғана рұқсат етілгендіктен, тәуелсіз бақылаушыларға сайлаудың өту барысын бақылауға тыйым салынды.
Сайлаудың соңғы күні, 17 наурызда Ресейдегі және шетелдегі сайлау учаскелерінде Ресейлік оппозицияның «Путинге қарсы тапа-талтүс» (орыс. Полдень против Путина) наразылық акциясы өтті.[34] Оның барысында Владимир Путиннің саясатын қолдамайтын Ресей азаматтары президенттік сайлаудың соңғы күні, 2024 жылғы 17 наурызда сағат 12:00-де жаппай сайлау учаскелеріне барды. Акцияның мәні — сайлаушылар өз бюллетеньдерімен бұдан әрі не істейтініне мән бермей, «наразылардың бірлігін көрсету».[35][36][37] Бұл әрекетке шақыру оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың қамауда болып, қайтыс болғанға дейінгі соңғы саяси мәлімдемесі болды. Путинге қарсы тапа-талтүсті қолдағандар арасында Михаил Ходорковский, Дмитрий Гудков және Сергей Гуриев сияқтылар болды.[36]
Жаппай ұстаулар кем дегенде 16 қалада, соның ішінде Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Волгоград, Үфі, Иркутск, Барнауыл және Челябіде басталды. 75 астам адам (сағат 16:21 бойынша) ұсталды.[38] Сонымен, Қазанда 20 астам адамды автозакқа отырғызса, Үфіде Навальныйдың суретін бюллетеньдер жәшігіне тастамақ болған ер адам ұсталды.
Сауалнама күні |
Сауалнамаушы | Қалғандары | Таңдамағаны | Жауап беруден бас тартқандар | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Путин | Харитонов | Слуцкий | Даванков | |||||||
6-10 нау 2024 | IRPZ | 55.9% | — | 5.2% | 3.2% | 9.1% | 3.1% | 19.5% | 4% | |
6-10 нау 2024 | CIPKR | 55% | — | 5% | 4% | 4% | 1% | — | 30% | |
4-6 нау 2024 | FOM | 56% | — | 4% | 4% | 3% | 3% | — | 30% | |
4 нау 2024 | VCIOM | 56.2% | — | 3% | 2.25% | 4.5% | — | — | 25% | |
1-5 нау 2024 | ExtremeScan | 57% | — | 3% | 1% | 3% | 2% | 22% | 12% | |
1-5 нау 2024 | CIPKR | 61% | — | 6% | 3% | 5% | 6% | 4% | 15% | |
26 ақп– 5 нау 2024 | IRPZ | 56.2% | — | 3.2% | 2% | 5.6% | 1.5% | 31% | 0,1% | |
1-4 нау 2024 | Russian Field | 66% | — | 5% | 4% | 6% | 0.4% | 5% | 14% | |
2–3 нау 2024 | VCIOM | 60% | — | 3% | 2% | 5% | 2% | 17% | 11% | |
10–18 ақп 2024 | CIPKR | 62% | — | 6% | 3% | 4% | 7% | 5% | 13% | |
16 ақп 2024 | Алексей Навальныйдың түрмедегі өлімі | |||||||||
15 ақп 2024 | VCIOM | 61% | — | 3% | 2% | 3% | 2% | 17% | 13% | |
14 ақп 2024 | VCIOM | 64% | — | 4% | 3% | 5% | 2% | 2% | 2% | |
9–11 ақп 2024 | FOM | 74% | — | 3% | 3% | 2% | 1% | 10% | 5% | |
8 ақп 2024 | VCIOM | 57% | — | 3% | 3% | 4% | 2% | 18% | 14% | |
8 ақп 2024 | Орталық сайлау комиссиясы Борис Надеждиннің кандидатурасын тіркеуден бас тартты | |||||||||
1–7 ақп 2024 | ExtremeScan | 63% | 6% | — | — | — | 8% | 12% | 11% | |
27–30 қаң 2024 | Russian Field | 62.2% | 7.8% | 2.3% | 1.9% | 1.0% | 2.5% | 7.8% | 12.8% | |
25–30 қаң 2024 | ExtremeScan | 61% | 6% | 2% | 1% | — | 2% | 17% | 11% | |
11–28 қаң 2024 | CIPKR | 60% | 7% | 4% | 3% | 0.3% | 3% | 7% | 15% |
Үміткер | Партиясы | Дауыс саны | % | |
---|---|---|---|---|
Владимир Путин | Өзін-өзі ұсынушы[a] | 76,277,708 | 88.48 | |
Николай Харитонов | Коммунистік партия | 3,768,470 | 4.37 | |
Владислав Даванков | «Жаңа адамдар» | 3,362,484 | 3.9 | |
Леонид Слуцкий | Либералды-демократиялық партия | 2,795,629 | 3.24 | |
Жалпы дауыс саны | 86,204,291 | 100.00 | ||
Тіркелген сайлаушылар/Дауыс бергендер | 114,212,734 | — | ||
Дереккөзі: Орталық сайлау комиссиясы(қолжетпейтін сілтеме) |
Қазақстан аумағында Путин жеңілді. Мәселен Алматыда оған не бәрі 7-8% дауыс берген. Ал 63-69% дауыспен жеңімпаз Владислав Даванков атанды.[39]
Сондай-ақ Арменияда Путинге 8-21%, ал Даванковқа 48-63% дауыс берілді. Қырғызстанда Путинге 35% болса, Даванковта 44% дауыс болды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 2023 жылғы 6 тамызда New York Timesқа «біздегі президент сайлауы негізінен аса демократия емес, — қымбат келетін бюрократия» деді де, Путин 90% астам дауыс жинап, қайта сайлана салады деген. Кейін бұл сөзінің жай жеке пікірі болғанын түсіндірді.[40] РБКға берген сұхбатында Песков «Ресейде президент сайлауын өткізу теориялық тұрғыдан міндетті емес» деді, бұны «президенттің қайта сайлануы анық қой» деп түсіндірген.[41]
2023 жылғы 6 қарашада журналист Екатерина Дунцова өзінің сайлауға қатысатынын және бағдарламасының соғысқа қарсы болтанын жариялады. Келесі айда ОСК оның кандидатурасын қабылдамай қалды.[42]
2023 жылғы қарашада бұрын әскери болған ұлтшыл саясаткер Игорь Гиркин сайлауға қатысатынын жариялады, елдегі сайлауларды жалған деді.[43]
2024 жылғы 1 ақпанда оппозиционер Алексей Навальный мен оның одақтастары ресейліктерді сайлаудың үшінші күнінде Путинге қарсы дауыс беруге шақырды.[44] Навальныйдың өлімінен кейін Андрюс Кубилюс пен Михаил Ходорковский Еуропа одағын Ресейдегі сайлауларды заңсыз деп тануға шақырды.
21 ақпанда Қазақстан президенті Тоқаев Путинмен Қазанда кездесті де, Ресей президентін мақтап, сайлау нәтижесінің қандай болатынына күмән келтірмейтінін айтты.[45]
Путинді жеңісімен құттықтаған мемлекет және үкімет басшылары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев,[46] Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев,[47] Қырғызстан президенті Садыр Жапаров,[48] Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев,[49] Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон,[50] Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын, Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен Иран президенті Эбрахим Раиси[51] болған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.