Вячеслав Викторович Володин

From Wikipedia, the free encyclopedia

Вячеслав Викторович Володин
Remove ads

Вячеслав Викторович Володин (Орысша айтылуы: [vʲɪt͡ɕɪsˈɫaf ˈvʲiktərəvit͡ɕ vɐˈɫodʲin], 4 ақпан 1964 жыл, Хвалынск ауданы, Саратов облысы) — ресейлік саясаткер, 2016 жылдан бері Мемлекеттік думаның төрағасы, депутаты және 2011 жылдан бері Ресей Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі.

Quick facts Лауазымы, 5 қазан 2016 жылдан бері ...

Бұрын Володин Ресей президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары (2011–2016), Ресей премьер-министрінің орынбасары (2010–2011), «Біртұтас Ресей» партиясы Бас кеңесінің хатшысы (2005–2011) және Мемлекеттік дума III-, IV- және V-сайланымдарының депутаты (2000–2010) қызметтерінде болды.

Володин Путиннің үшінші мерзіміндегі «консервативті бұрылысын» ұйымдастырған,[1] ол Путинге жақын тұлғалардың бірі болып келеді.[2][3] Оның «Путинсіз Ресей бола алмайды» деген сөзі де бар.[4][5]

Remove ads

Жастығы және білімі

Вячеслав Володин 1964 жылғы 4 ақпанда Саратов облысы, Хвалынск ауданының Алексеевка ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Оның әкесі, өзен флотының капитаны 1969 жылы 51 жасында қайтыс болды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін өгей әкесінің тәрбиесінде болды.[6] Анасы өмір бойы бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. Әпкесі консалтингтік фирмада жұмыс істейді және ағасы — әскери зейнеткер.[7]

Remove ads

Жеке өмірі

Тұңғыш әйелімен институтта танысты.[7] Қазіргі ресми деректер бойынша Володин үйленбеген, бұрында ажырасып қалған, алайда бейресми дереккөздер оның әйелі Яна Володина (Полякина) екенін тапқан, Яна — қымбат пәтердің иесі, және бірнеше ірі компаниямен байланысы бар.[8]

Володин 1986 жылы Саратов ауыл шаруашылығын механикаландыру институтының ұйымдастыру және технология факультетін инженер-механик, және 1995 жылы Ресей Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірді. 1996 жылы Ішкі істер министрлігінің Санкт-Петербург институтында заңгер мамандығы бойынша доктор дәрежесін алды, «Ресей субъектісі: билік, заң шығару және басқару мәселелері» атты диссертациясын қорғады. Ол Санкт-Петербургте оқып жүргенде оқытушы және ассистент болып жұмыс істеді.

Remove ads

Саяси мансабы

1990 жылы Саратов қалалық думасының мүшесі болып сайланды. 1992 жылдан бастап Володин Саратов әкімінің орынбасары, 1994 жылдан Саратов облыстық Дума төрағасының орынбасары және 1996 жылы Саратов облысы губернаторының орынбасары болып тағайындалды.

Thumb
Ресей президенті Путин (сол жақта) және Вячеслав Володин (оң жақта)

Кейін ол мемлекеттік қызметті тастап, Мәскеуге кетті, онда ол бизнеске, содан кейін Юрий Лужков басқарған «Отан — Бүкіл Ресей» қозғалысының партиялық құрылысына кетті.[9]

1999 жылы «Отан – Бүкіл Ресей» блогынан III-шақырылымдағы Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланды. Басшының орынбасары, ал 2001 жылғы қыркүйектен бастап ОБР фракциясының жетекшісі болды.[10]

2003 жылғы парламенттік сайлауда ол бір мандатты №156 Балаково (Саратов облысы) сайлау округі бойынша IV шақырылымдағы Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланды, сайлау учаскелеріне келген сайлаушылардың 82% қолдауына ие болды.[11] Думада «Біртұтас Ресей» фракциясы төрағасының орынбасары, кейінірек бірінші орынбасары. 2005 жылдан бастап «Біртұтас Ресей» партиясы Бас кеңесі президиумының хатшысы.

2007 жылы Мемлекеттік Думаның V шақырылымының депутаты болып сайланды.

2009 жылдан бастап Мәскеу мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару факультетінің мемлекеттік құрылыс кафедрасының меңгерушісі.

2007 жылғы 2 ақпаннан 2010 жылғы 21 қазанға дейін V-шақырылымдағы Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары.

2010 жылғы 21 қазанда Сергей Собянинның Мәскеу мэрі қызметіне тағайындалуымен байланысты Ресей премьер-министрінің орынбасары Үкімет Аппаратының Басшысы қызметіне тағайындалды.

2011 жылғы 27 желтоқсанда РФ Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ішкі саясат және ұлтаралық қатынастар мәселелері бөліміне жетекшілік етті.

2012 жылғы президенттік сайлауда ол Владимир Путиннің сайлауалды науқанына қатысты.

2016 жылғы 1 шілдеде ол «Независимая газета» рейтингі бойынша төртінші нөмірмен елдің жетекші саясаткерлерінің бестігіне кірді.[12]

Партия төрағасы Дмитрий Медведев ұсынысымен Володин Волгоград, Пенза, Саратов және Тамбов облыстары бойынша аймақтық топты басқара отырып,[13] VII шақырылымдағы Мемлекеттік Думаға сайлауда «Біртұтас Ресей» тізіміне енді, және сайлау қорытындысы бойынша Мемлекеттік Думаның депутаты болды.

2016 жылғы 23 қыркүйекте VII шақырылымдағы Мемлекеттік Думаға кірген партиялардың жетекшілерімен кездесуде президент Путин Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы лауазымына Володиннің кандидатурасын ұсынды. Осы номинациядан кейін бірқатар ресейлік және батыстық саясаттанушылар Володин 2018 немесе 2024 жылы Ресей президенттігіне үміткер бола алады деп болжаған.[14][15] Путиннің өзі 2017 жылғы 20 сәуірде Володинді ықтимал «президенттің мұрагері» ретінде талқылау аясында мұрагерді тек халық анықтай алатынын айтты.[16]

Thumb
РФ Мемлекеттік Думаның жиналысы кезіндегі Володин, 2018

2016 жылғы 5 қазанда VII-шақырылымдағы Мемлекеттік Думаның бірінші отырысында 450 дауыстың 404-інің дауысын жинап, оның төрағасы болып сайланды.[10]

2016 жылғы қазанда ол Саяси технологиялар орталығының рейтингі бойынша Ресейдегі ең ықпалды саясаткерлердің үштігіне (Путин мен Медведевтен кейін) енді.[17]

2016 жылғы 24 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының төрағасы болып сайланды.[18]

2021 жылғы 12 қазанда VIII сайланған Мемлекеттік Думаның бірінші отырысында 421 дауыстың 360 дауысын алып, оның төрағасы болып қайта сайланды.

Remove ads

Санкциялануы

2014 жылғы 12 мамырда Володин «аннексияланған Украинаның Қырым аймағының Ресей Федерациясына саяси интеграциясын бақылауға жауапты болғандықтан» ЕуроОдақ санкцияларына ұшырады.[19]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads