НАТО
From Wikipedia, the free encyclopedia
Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы[1], НАТО (ағылш. North Atlantic Treaty Organization, NATO , фр. Organisation du traité de l'Atlantique nord, OTAN ) — 32 мемлекет-аралық әскери альянс, олардың 30 Еуропада және 2 Солтүстік Америкада орналасқан. НАТО - ұжымдық қауіпсіздік жүйе: оның тәуелсіз мүшелері бір-бірін сыртқы шабуылдан қорғауға келіседі.
Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы | ||||
North Atlantic Treaty Organisation (NATO) Organisation du traité de l'Atlantique nord (OTAN) | ||||
НАТО логотипі (жоғары) және НАТО байрағы (асты) | ||||
Мүшелік: |
Үміткерлер: | |||
---|---|---|---|---|
Штаб-пәтер: | ||||
Ұйым түрі: |
Әскери блок, үкіметаралық халықаралық ұйым, халықаралық ұйым | |||
Ресми тілдері: | ||||
Басшылары | ||||
Бас хатшы | ||||
Әскери Комитеті төрағасы | ||||
Еуропадағы Жоғарғы Қолбасшы | ||||
Құрылуы | ||||
Құрылуы |
4 сәуір 1949 жыл | |||
Ресми сайт | ||||
НАТО Ортаққорда |
Екінші дүниежүзілік соғыс біткен соң, 1949 жылы 4 сәуірде 12 мемлекет қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Қырғи-қабақ соғысы уақытында, альянс мүшелерін Кеңес Одақтан келетін потенциалды қаупінен қорғаған. Кеңес Одағы ыдыраған соң, альянс жұмысын жалғасытырып, Балқан, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия мен Африкадағы қақтығыстарға аралысқан.
1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.
НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екендігі 1946 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон декларациясында қуатталған. Альянстың іргелі мақсаттарының қатарында соғыстың алдын алу мен тиімді қорғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді нығайту, шарт мүшелерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін дағдарыстарды еңсеру, басқа елдермен саяси үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады.