НАТО-ға мүше мемлекеттердің тізімі
From Wikipedia, the free encyclopedia
НАТО-ға мүше мемлекеттердің тізіміне 1949 жылы 4 сәуірде Вашингтон келісіміне қол қойған мемлекеттер, сондай-ақ осы Шарттың 10-бабына және одан кейінгі келісімдерге сәйкес одан әрі НАТО-ға қосылғандар кіреді.
Барлығы 32 ел Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі болып табылады, бес мемлекет НАТО-ның серіктестікті кеңейту бағдарламаларына қатысады, Сербия НАТО-мен жеке серіктестік жоспарының бағдарламасына қосылу туралы келіссөздер жүргізуде. Альянс құрылғалы бері одан бірде-бір мемлекет шыққан жоқ; Франция 1966 жылы блоктың әскери ұйымынан кетіп, 2009 жылы қайта оралды.