Сира
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сира (араб.: سيرة رسول الله әл-сира әл-набауия) (сийар - «жол», «сүрлеу», «өмір салты») - ерте мұсылман тарихнамасының ерекше жанры, Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың ғұмырнамасы.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) күллі жаратылыс пен бүкіл адамзаттың ең асылы, ең қайырлысы, ең ардақтысы. Ол - Хақ тағаланың барша ғаламға жіберген рахымы мен мейірімі.
Аллаһ тағала Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) арқылы күллі адамзатқа қараңғылықтан жарыққа шығатын жолды нұсқады. Адасушыларды тура жолға салып, иман нәрімен сусындатты. Пенделерін ізгілікке бөлеп, мына жалғанның алдамшы екенін ұқтырып, ақиретке деген сенімін күшейтті.Құран Кәрім арқылы ақиқатты жеткізіп, күпір мен иманның ара-жігін ажыратып берді.Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) бүкіл адамзат, ізгі жандар ғасырлар бойы зарыға күткен-ді.